Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

Baiqonyr ISFF: Ushqyn байқаудан тыс бағдарламасы

ІV Baiqonyr халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалінің байқаудан тыс бағдарламасында ІІ ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінің үздік қысқаметрлі фильмдерін көрсетеді.

Фестиваль қонақтары астанада өткен ХКФ Ushqyn студенттік кинофестивалінде үздік деп танылған төрт қысқаметрлі фильмдерді бағалайды.  

«8» - «Үздік режиссер» номинациясы бойынша жеңімпаз, қоюшысы- Габриель Фаббро. Сюжетте өзімшіл және сексист бильяр ойыншысы Нью-Мехико қаласындағы оқшауланған бильярд салонындағы жұмысшы әйелдің басын айналдыруға тырысады.

«Зират басшысы» - студенттік қазылар алқасының «Үздік фильм» номинациясы бойынша жеңімпаз. Режиссері - Илья Вайцман. Бұл фильм бос уақытында әзіл-қалжың ойластырып, экскурсия жүргізіп және кітап жазатын еврей зиратының директоры туралы баяндайды.

«Жұмақта істейтін іс жоқ» - Vosmerkz.kz сыйлығының лауреаты. Режиссері - Пантин Павел. Яна үшін әкесі әлемдегі ең жақсы адам. Ол қайтыс болғанда, тек ол ғана сағынады.  Ол әкесінің жұмаққа баратынына сенеді. Бәлкім, жұмақта барлығына орны бола бермес?!

«Сағыныш тангосы» - Ushqyn қатысушысы. Режиссері - Марта Цимански. Оқиға тангоның табиғаты жәйлі. Ол тек құмарлық пен эротика ғана емес, сонымен қатар, ешқашан орны толмайтын мұң және қанағаттанбаушылық сезімі.

«Сағыныш тангосы» фильмінен кадр
«Сағыныш тангосы» фильмінен кадр

Baiqonyr ISFF 2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Фестиваль ұйымдастырушысы «Бродвей» кинопорталы.

Еске сала кетейік, IV Baiqonyr ISFF байқаудан тыс бағдарламасында «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде түсірілген үш қысқаметрлі фильмнің тұсау кесері өтеді.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін