«Байқоңыр» туралы бар ақпарат»

«Байқоңыр» туралы бар ақпарат»

Фестиваль туралы

BAIQONYR International Short Film Festival – Қазақстанда көшірмесі жоқ бірегей мәдени шара. Baiqonyr SFF — бұл еліміздегі жас кинематографшылардың жұмысымен танысу, ол фестиваль қатысушыларының шығармашылық «өрлеуіне» арналған басты алаң болуға және Қазақстан киносындағы жаңа есімдерді әйгілеуге бағытталған. Фестивальдің міндеті – қазақстандықтар арасында жас әрі қысқаметражды киноны танымал ету. 

Осы Ереже «BAIQONYR International Short Film Festival» (ары қарай – Фестиваль) Халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалінің мақсатын, міндеттемелері мен өткізу тәртібін, ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын қамтамасыз етуін, қатысу тәртібі мен жеңімпаздарды анықтау мәртебесін реттейді.

Фестивальдің негізгі идеясы мен міндеті – түркітілдес халықтардың халықаралық кинофестивалін құру, Қазақстанның болашақ кинематографистерінің кәсіби деңгейін көтеру.

Кинофестивальдің Ұйымдастырушысы: Общественный фонд «Фонд развития Казахстанского искусства и кинематографа».

Құрамына жоғарыда көрсетілген ұйым өкілдері мен шақырылған эксперттер кіретін Ұйымдастыру комитеті Фестивальдің дайындығы мен өтуін жалпы басшылыққа алады.
 

Кинофестивальдің міндеті

Талантты әрі еңбекке қабілетті адамдарды іздеп-табу және оларға бір-бірімен танысуға, идея алмасуға мүмкіндік жасау.

Қазақстан аумағында және түркітілдес халықтардың жас мамандары арасында халықаралық кинематографты дамыту.

Қазақстандық платформаны құру және Қазақстанның болашақ кинематографистерінің кәсіби деңгейін көтеру.
 

Кинофестивальге қатысу шарттары

Фестивальге қатысушылар қысқаметрлі ойын, анимациялық және деректі фильмдердің Конкурстық іріктеу негізінде анықталады.

Байқауға шарттарға сай барлық тиісті құжаттарды өткізген Қазақстан азаматы және түркітілдес халық өкілдері қатыса алады.

Байқау қатысушыларын тіркеу Фестивальдің Сайтында жүргізіледі. Әрбір конкурстық жұмыс толтырылған өтінішпен бірге қабылданады. Өтініш қатысушылар тізіміне қосылудың негізгі құжаты болып табылады.

Әрбір аталым бойынша бір фильм жеңімпаз атанады. Әрбір қатысушы екі аталымнан артық жүлдегер атана алмайды.

Конкурстық жұмыс ұзақтығы 30 минуттан аспайтын ойын, анимациялық және деректі қысқаметртлі фильм болуы керек.

Ұйымдастыру комитеті кез-келген материалды ешқандай түсініктемесіз байқау бағдарламасына қоспай қоя алады.

Фестиваль Ұйымдастырушылары Конкурсқа келіп түскен жұмысты жеңімпаздарды ресми жарияламай тұрып (авторын көрсету арқылы, авторлық қаламақысын төлемей тұрып), коммерциялық емес бағытта толық пайдалана алады. Конкурсқа келіп түскен материалдар қайтарылмайды және рецензияланбайды. Интернет кеңістігінде және бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушылардың конкурстық жұмысы жарияланған жағдайда Фестиваль Ұйымдастырушылары ұйым өкілдерінің кінарат-шағымдары бойынша ешқандай жауапкершілікті алмайды.

Байқауға қатысу ақысыз негізде жүргізіледі.

Байқауға қатысу арқылы автор (авторлық топ)  осы Ереженің 8-Бөліміне сәйкес шығарманы алдағы уақытта қаламақысыз пайдалануға келісім береді.
 

Конкурс аталымдары. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

Халықаралық байқау:

  • Бас Жүлде  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  •  Үздік режиссура (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  •  Үздік операторлық жұмыс (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік сценарий (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік әйел рөлі  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік ер рөлі  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)

Ұлттық байқау:

  • Үздік фильм  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік деректі фильм үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік анимациялық фильм үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Ойын фильмінің үздік режиссурасы үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Ойын фильмінің үздік операторлық жұмысы үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Ойын фильмінің үздік сценарийі үшін  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік әйел рөлі үшін  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік ер рөлі үшін  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Қоюшы-суретшінің үздік жұмысы үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік монтаж үшін (мүсінше, жеңімпаз дипломы)
  • Үздік дыбыс үшін  (мүсінше, жеңімпаз дипломы)

Түркі халықтарының арнайы музыкалық видео байқауы:

  • Үздік музыкалық видео

Басты категорияда - Үздік музыкалық видеоклип.

  • Музыкалық видеоклипте үздік режиссер

Режиссердің шығармашылық еңбегі сіңген музыкалық видеоклип.  Режиссер марапатталады.

  • Музыкалық видеоклипте үздік оператор
  • Музыкалық видеоклиптегі үздік сценарий

Оқиғаның бірегейлігіне мән берілген музыкалық видеоклип, видеоклип сценарисі марапатталады.

  • Музыкалық видеодағы үздік суретші жұмысы

Стилизация, костюм, грим, қатысушы адамдар мен композицияға ерекше мән берілген музыкалық видеоклип; қоюшы-суретші немесе видеоклип дизайнері марапатталады.

  • Музыкалық видеодағы үздік визуалдық эффектілер

Жоғары сапалы, өте құнды техникалық құралдармен жүзеге асқан музыкалық видео. Ерекше трюктер, реалды көрсетілімдер немесе шынайылыққа ұқсайтын CGI графикасымен жасалған видеолар. Визуалдық эффектілер суретшісі марапатталады.

  • Музыкалық видеоклипте үздік монтаж

Жоғары сапалы редакторлау, монтаж, стилистика және визуалдық сапалы музыкалық видеоклип. Видеоклип монтажының режиссері марапатталады.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:  DCP («Үздік дыбыс», «Үздік операторлық жұмыс» аталымдары бойынша қатысу үшін), кодек (артықшылығы бар) H.264, контейнер — MP4, MPEG. 1920*1080 видео тұнықтығы (Full HD, 1080p), 720х576-дан кем болмауы керек. Дыбыс жиілігі 24 kHz-тен жоғары. Видеороликтердегі дыбыс компрессиясы: MP3, WAV, AAC.

Әрбір жұмыста жоба қатысушыларының толық аты-жөні титр үлгісінде және жарияланым уақыты көрсетілуі керек.

Байқауға мерзімге сай тапсырылған бекітілген конкурс аталымдарына сай келетін авторлық жұмыстар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыста басынан-аяғына дейін барлық хронометраж уақыты кезеңінде ешқандай белгі және логотип болмауы керек.
 

Конкурсты өткізу және ұйымдастыру тәртібі

Байқау төрт кезеңнен тұрады:

  • Бірінші кезең  – Дайындық
  • Екінші кезең  – Іріктеу
  • Үшінші кезең – Қорытынды
  • Төртінші кезең – Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі

Негізгі байқауға қатысу өтінімдері 2020 жылдың  1 шілдесі сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

Ұлттық байқауға қатысу өтінімдері 2020 жылдың 1 тамызы сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

Музыкалық видео байқауына қатысу өтінімдері 2020 жылдың 1 тамызы сағат 00:00-ге дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзімнен кешіктірілген өтініштер қабылданбайды және қарастырылмайды, Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
 

Байқау жеңімпаздарын анықтау тәртібі

Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін, конкурсқа келіп түскен жұмыстарды бағалау үшін әрі сараптама жасау үшін Ұйымдастыру Комитеті конкурстың қазылар алқасын құрады (Конкурстың қазылар алқасы)

Конкурс комиссиясы (Конкурстың қазылар алқасы) Фестиваль ұйымдастырушыларынан, киноөндіріс саласындағы шақырылған сарапшылардан, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, БАҚ өкілдерінен құралады.

Конкурс комиссиясы (Конкурстың қазылар алқасы) әрбір конкурстық жұмысты арнайы өлшемшарттарына сәйкес 10 балдық жүйемен бағалайды (№ 1 Қосымшаны қараңыз)

Конкурс комиссиясы (Конкурстың қазылар алқасы) жолданған жұмыстар егер осы Ереженің талаптарына сай келмесе, қабылдамауға толық құқылы.

Жеңімпаздар Конкурс комиссиясының (Конкурстың қазылар алқасы) жұмысқа байланысты қойылған бағасы мен сараптамалары негізінде анықталады.

Байқау қорытындысы 2020 жылдың 7 қыркүйегінен кешіктірілмей Фестивальдің Сайтында жарияланады.
 

Жеңімпаздарды марапаттау

Конкурс қорытындысына сәйкес әрбір аталым бойынша 1 жеңімпаз анықталады.

Конкурстың барлық жеңімпаздары мүсіншелермен, дипломдармен және фестиваль ұйымдастырушылары мен серіктестерінің сыйлықтарымен марапатталады.

Фестивальдің шорт-парақшасына енген жұмыстар еріктілер мен қайырымдылықты насихаттау мақсатында пайдалануға және жариялануға ұсынылады.

Фестивальдің жеңімпаздары мен лауреаттар Алматы қаласында Салтанатты  кеште марапатталады.
 

Авторлық құқық

Ұйымдастыру комитеті мынадай құқықты өзіне алады:

  • коммерциялық емес бағытта авторға (авторлық топқа) қаржылай сыйақы бермей, конкурстық жұмыстарды пайдалануға (көрсетуге, данасын таратуға, импортқа шығаруға, аударуға немесе қайта өңдеуге); 
  • конкурстық жұмыс базасында құрылған (электрондық каталог, Интернет-ресурстарда) Қазақстан аумағында, шет мемлекеттерде, кинокомпанияларда іске асыруға;
  • жалпы және кәсіби білім мекемелерінде конкурстық жұмысты таратуға;
  • конкурстық жұмыстарды Қазақстан аумағында, шет мемлекеттерде өтетін қоғамдық-маңызды іс-шараларда Фестивальдің қажеттілігіне қарай және жарнама жасау мақсатында репродукциялауға, сонымен қатар, телевизия мен Интернет желісінде трансляциялауға;
  • ақпараттық, ғылыми, ағартушылық және мәдени мақсатта конкурстық жұмысты толық және үзінді ретінде пайдалануға.

Егер конкурстық жұмыс Байқаудың шорт-парақшасына енсе, автор Фестивальдің Ұйымдастырушысымен фильмдерді пайдалануға рұқсат беретін айрықшалығы жоқ Лицензиялық келісім-шартқа отыру керек.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық жұмысты табыстау осы Ережеге сәйкес толық және сөзсіз табыстау келісіміне рұқсат береді.


Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемі

«Қысқаметрлі ойын (көркемсуретті) фильмі», «Қысқаметрлі деректі фильм», «Қысқаметрлі анимациялық фильм» аталымдары мына өлшем бойынша бағаланады:

  • бекітілген бағыт бойынша жұмыс мазмұнының сәйкестігі;
  • драматургия құраушысы: тақырып, идея, сюжет, композиция, конфликт, қаһармандар, мінездемелер маңыздылығы;
  • режиссер шешімі;
  • эмоционалды әсер (актер ойыны);
  • дыбыс, операторлық жұмыс, монтаж;
  • техникалық іске асыру (видеотүсірілім сапасы, видеоролик монтажы, орындау шеберлігі);
  • шығармашылық қасиеті (бабталған стиль, дизайн, композицияның аяқталуы);
  • ойдың бірегейлігі және орындалуы;
  • жұмыстың мәнді аяқталуы.

Ұлттық конкурс бағдарламасының қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

Бас жүлде

«Үздік режиссер»

«Үздік оператор»

«Үздік қоюшы-суретші»

«Үздік сценарий»

«Үздік дыбыс»

«Үздік эксперименталды фильм»

«Үздік деректі фильм»

«Үздік анимациялық фильм»

«Үздік актер»

«Үздік актриса»

«Бродвей» таңдауы»

Әр категория бойынша тек бір фильм иеленеді.

Әр фильм тек екі номинация бойынша жеңімпаз бола алады.

Халықаралық конкурс бағдарламасының қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды:

Бас жүлде

«Үздік режиссер»

«Үздік оператор»

«Үздік сценарий»

«Үздік актер»

Үздік актриса»

Әр категория бойынша тек бір фильм иеленеді.

Әр фильм тек екі номинация бойынша жеңімпаз бола алады.

Байқау бағдарламасының қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтайды:

Әр санат бойынша бір ғана фильм жеңімпаз бола алады.
Әр қатысушы екі номинация бойынша ғана жеңімпаз атана алады.

  • Ануар Кенжибаев

    Кинофестивальдің президенті

  • Данияр Ибрагимов

    Бас продюсер

  • Ержан Жұмабеков

    Бағдарлама жетекшісі

  • Айгерім Рамазанова

    Көркемдік жетекшісі

  • Гүлнар Әбекеева

    Фильм маманы, фестиваль кеңесшісі

  • Татьяна Синенко

    Сөйлесуші

  • Айдана Мамаева

    Редактор, журналист

  • Ботагөз Алдоңғарова

    Атқарушы продюсер

  • Дана Әбдіғұлова

    SMM

Өткенге шолу жасау

«Байқоңыр» тарихы

«Бродвей» — фестивальдің бас ұйымдастырушысы