Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. III бөлім: Ғалия Байжанова және Гүлнар Дусматова

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. III бөлім: Ғалия Байжанова және Гүлнар Дусматова

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. III бөлім: Ғалия Байжанова және Гүлнар Дусматова

Біз 15-16 қыркүйек аралығында «Көк-Төбе» саябағында өтетін II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінің қазылар алқасымен таныстыруды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгін киносыншы Ғалия Байжанова мен ҚР Халық әртісі Гүлнар Дусматова туралы айтпақпыз. 

Ғалия Байжанова

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі Ғалия Байжанова «Қазақстан сарапшысы», «Экспресс К» және «Капитал» басылымдарына мақалалар жазған. Ол биылғы жылы еліміздегі киносыншылар мен киножурналистер саласындағы алдыңғы қатарлы мамандардың тәуелсіз одағы ретінде құрылған Қазақстан киносыншылар қауымдастығының мүшесі атанды. Ғалия 2015 жылдан бері Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық ғаламтор-порталының шолушысы болып қызмет атқарады. 

Гүлнар Дусматова 

Гүлнар Дусматованың бас айналдырар мансабы 70-жылдардың соңында Абдулла Қарсақбаевтың «Даладағы қуғын» шытырманға толы фильміндегі басты әйел рөлін сомдағаннан кейін басталды. Сол кезден бастап режиссерлар жас актрисаның дарынын байқап, өз жобаларына түсуге шақырады. Ол шығармашылық жолында 30-дан астам көркем фильмдерге түскен болатын. Гүлнар Дусматова кинодағы түсіріліммен қатар диктор болып жұмыс істеп жүрді, түрлі телевизиялық жобаларға белсене қатысты және көптеген музыкалық фестивальдер мен концерттерде өнер көрсетті. Актриса көрермендерге «Тоғысқан тағдырлар» және «Шегіртке» атты алғашқы қазақстандық хикаяларындағы рөлдері арқылы таныс. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін