Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. I бөлім. Ахат Ибраев және Шарипа Оразбаева

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. I бөлім. Ахат Ибраев және Шарипа Оразбаева

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. I бөлім. Ахат Ибраев және Шарипа Оразбаева

15-16 қыркүйек күндері  «Көк-тобе» саябағында II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі өтеді. Қазылар алқасының құрамына Қазақстан кинематографының танымал тұлғалары енді, оларды атап өтпесек болмас. Себебі, олар байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалап, үздіктерді таңдайды. Бүгін біз тамаша екі режиссер туралы айтпақпыз, олар - ҚР кинематографистер Одағының төрағасы Ахат Ибраев және алғашқы «Байқоңыр-2016» кинофестивалінің жеңімпазы Шарипа Оразбаева. 

Сурет: ratel.kz

Ахат Ибраев – кино саласындағы жан-жақты тұлға. Ол тек режиссерлікпен ғана емес, сценарий жазумен, картиналарға продюсерлік етумен айналысады.

Ахат «Болашақ» стипендиясы арқылы Columbia College Chicago-ның «Режиссура және киноға продюсерлік ету» мамандығын бітірген. Қазақстан кинематографында Ибраевты «Колумб» деп атайды, ол «Аңыздар кітабы. Жұмбақ орман» фэнтези жанрындағы алғашқы фильмді түсірген. Мұнымен режиссердің үлгі боларлық тізімі аяқталмайды, оның фильмографиясында «Тайталас», «Ми аударушылар», «Санжар мен Қайсар» хикаялары бар. Режиссер барлық кинематография жанрларымен жұмыс істеп көрген. Бірақ, ол көрермендерге әлі де түрлі жобаларды ұсынғысы келеді, қазіргі таңда қызу жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта Ұлы Отан соғысы туралы «Берлин туы» әскери драмасы шықпақ. 

Жас әрі болашағынан көп үміт күттіретін режиссер бойжеткен Шарипа Оразбаева биылғы жылы екінші «Байқоңырдың» қазылар алқасының құрамына кірді. 2016 жылы «Картоп жегіштер» фильмімен жеңіске жеткен бойжеткен тек алға ғана ұмтылатын өз ісінің нағыз маманы екенін көрсетті. Ол биылғы жылы Eurasia Sportlight питчингінің бас жүлдесіне ие болған. Одан бөлек, Шарипа қоюшы Бегалы Шибекеевтің «Ана» қысқа метріне продюсерлік етті. Картина Lucania Film Festival Халықаралық кинофестиваліне қатысып үлгерді.

Оразбаева толық метр түсіріп, «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдерді бағындыруды жоспарлап жүр. 

 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін