Жаңалықтар

Жаңалықтар

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасы

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің халықаралық және ұлттық байқауының қазылар алқасы құрамы анықталды. Халықаралық қазылар алқасын Oberhausen ISFF іріктеушісі Кристиана Бюхнер басқарады. Ұлттық қазылар алқасының төрағасы «Алтын Георгий» иегері Фархат Шарипов болады.

Baiqonyr ISFF 2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Бас серіктес – Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес - Visit Almaty. Пошта қызметі бойынша серіктес - Kazpost. Фестиваль ұйымдастырушысы – «Бродвей» кинопорталы.

Ұлттық байқауды бағалайтын халықаралық қазылар алқасының құрамына Мәскеу халықаралық кинофестивалінің іріктеушісі Андрей Щиголев, «Үміт» ТМД елдер киносы форумының бағдарлама директоры Гульбара Толомушова, NDU Film festival, Beirut women FF директоры Сэм Лахуд, ІІІ Baiqonyr SFF Бас-жүлдесінің иегері Тимур Сердалин және қазақстандық продюсер Данияр Ибрагимов енді.

Жеңімпаздар келесі номинациялар бойынша анықталады: Бас жүлде, «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік сценарий», «Үздік дыбыс», «Үздік эксперименталды фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Бродвей» таңдауы».

Халықаралық байқауды Фархат Шариповтың төрағалығымен кинотанушы Инна Смаилова, актриса Жанна Куанышева, оператор Азамат Дулат және Диана Ашимова бағалайды.

Халықаралық конкурс бағдарламасының қазылар алқасы келесі номинациялар бойынша жеңімпаздарды анықтайды: «Үздік фильм», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса».

Еске сала кетейік, IV Baiqonyr International Short Film Festival-ға қатысуға өтініштерді қабылдау 15-тамызға дейін жүргізіледі.

 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін