Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байконур» кинофестивалінің байқаудан тыс жұмыстары

«Байконур» кинофестивалінің байқаудан тыс жұмыстары

 «Байконур» кинофестивалінің байқаудан тыс жұмыстары

17-18 қыркүйекте Көк-Төбе саябағында   «Байконур» I Республикалық қысқаметрпажды кино фестивалі өтеді. Фестиваль аясында байқаудың негізгі бағдарламасына енген 37 фильм және байқау бағдарламасынан тыс 7 жұмыс көрсетіледі. 

Байқау баеғдарламасынан тыс жұмыстарға халықаралық кинофестивальдарда түрлі жүлделерге ие болған фильмдер көрсетіледі. Олардың көпшілігі бұрын қазақстанда таныстырылған, отандық көрермен оларды фестивальда алғаш рет тамашалайды. 

«Байконур» кинофестивалінің шымылдығын Асхат Кучинчирековтің  «Закончился бензин» картинасы ашады. Режиссердың дебюттық жұмысы «Азия мен Африкадағы қысқаметражды фильм»  категориясы бойынша  2013 жылы Дубай халықаралық фестивалінде үздік деп танылған.  

Режиссер Катерина Суворованың «Два велосипеда» (2006) фильмі Ресейдегі «Киношок» халықаралық фестивалінде бас жүлдені,  «Святая Анна» ұлттық жүдесін, Роберт Боштың арнайым қорының жүлдесін иеленген.

Рашид Сүлейменовтың  «Панчбот» (2012)  халықаралық кинофестивальдардың 13 марапатын қанжығалаған. 

Ольги Коротьконың «Голубь на крыше» (2012 )шамамен  30 кинофестивальға қатысты және бірқатар жүлделерді иеленді. Олардың арасында Award of Excellence («Премия совершенства») және жыл сайын АҚШ-та өтетін  X Accolade Competition фестивальдарының жүлдесін алды.   

 «Луч утренний зари» фильмінен кадр 

Дархан Төлегеновтің «Луч утренний зари» (2015)  халықаралық кинофестивальдарға әлі де қатысуда. Бұған дейін режиссердың бұл жұмысы  «Три дня отверженных» алғашқы қазақстандық кинокөрсетілімде бас жүлдені алды және Қырғызстандағы халықаралық кинофестивальда да Гран-при иеленді. 

Сондай-ақ байқау бағжарламасынан тыс Бейбіт Өнердің «На другой стороне», Майдан Тұрдыбектің және  Тілек Төлеуғазыныңч «Тастүлек» анимациялық фильмдері көрсетіледі. 

 «Байконур» кинофестивалінің басталуына санаулы күндер қалды. Билеттерді сатып алуға асығыңыз, отандық қысқаметражды фильмдердің бағасын беріңіз. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін