Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Қаңтар» конкурстан тыс бағдарламасы

«Қаңтар» конкурстан тыс бағдарламасы

«Қаңтар» конкурстан тыс бағдарламасы

Биылғы жылы Baiqonyr Film Festival фестивалінде негізгі байқаулардан басқа «Қаңтар» атты конкурстан тыс бағдарламасы болады. Бағдарлама аясында Әлішер Жәдігеровтың «Қаңтар» және Аружан Досымқожаның «Бремя, которое мы несем» атты екі фильмі көрсетіледі.

Бірінші фильм – қаңтар оқиғаларында елдегі өзгерістерге қолдау көрестіп шыққан мыңдаған құрдастары сияқты бейбіт наразылық шеруіне кеткен ұлынан айырылған ана туралы драма.

«Алдымен мен деректі фильм жасағым келді, бірақ соңында қысқа көркем фильмі болды. Сәл өзгергенімен, бірақ фильмнің басты идеясы өз орнында қалды: адам өмірінен құнды ештеңе жоқ», - дейді фильм режиссері.

Екінші фильмде – «Бремя, которое мы несем», ананың оқиғасын баяндайды. Әйел қаңтардағы оқиғалар кезінде қызынан айырылып, ауруға ұшырайды. Қызының жоқ екенін қабылдай алмайды және ештеңеге қарамастан оны іздеуді жалғастырады…

«Мен бұл фильмді дипломдық жұмыс ретінде түсірдім. Бастапқыда өткен жылы мен дипломға комедия түсіруді жоспарлағам, ол жақсы және жарқын нәрсе болса дегем, бірақ содан кейін Қаңтар оқиғасы болды, кейінірек Украинада соғыс басталып, комедия идеясы алысқа кетті», - дейді Аружан Досымқожа.

«Бұл фильм - қазіргі жүйеге наразылық. Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасында туыстарын жоғалтқан барлық адамдарға көңіл айту», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін