Жаңалықтар

Жаңалықтар

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінен бейнерепортаж

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінен бейнерепортаж

II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінен бейнерепортаж

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өткізілген II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі отандық кинематографтағы жаңа есімдерді ашудан жалыққан емес. Екінші кинофестивальдің маңыздылығы – номинациялар тізіміне «Қоюшы-суретші» және «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» бағыттары қосылды.

Биылғы жылы кинофестивальдің байқау бағдарламасына 35, ал байқаудан тыс бағдарламаға 3 картина қатықан болатын. Ахат Ыбраев төрағалық еткен қазылар алқасының құрамына Қазақстанның белді кинематограф өкілдері кірген. Фестивальді режиссер Мейіржан Сандыбайдың «Ит» атты байқаудан тыс жұмысы ашты. Картина өте әсерлі, адамзаттың селқостығы мен заманауи өмірдің қатал шындығын бейнелейді.

Бейнежазбаны ұсынғаны үшін «Тұран» университетінің «Киномәдениет» кафедрасына алғыс білдіреміз. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін