Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің аясында Оразхан Жақыппен кездесу өтеді

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің аясында Оразхан Жақыппен кездесу өтеді

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінің аясында Оразхан Жақыппен кездесу өтеді

16 қыркүйек күні сағат 19:00-де II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде Khan Comics арт-студиясының басшысы, Қазақстан комикстерін шығарушы, суретші Оразхан Жақыппен кездесу өтеді.

Khan Comics жобасының негізін 2010 жылы Оразхан және жары Адиля Смағұлова қалаған. Бір жылдан кейін олардың «Kz-coMIX» атты алғашқы комикстер жинағы шықты. Қазіргі таңда студия 20-ға жуық жинақ шығарып үлгерді, олардың арасында «Ертегілер», «Дала», «Еркетай» және «Орда» атты туындылар танымал. 

«Ертегілер», «Еркетай» және «Орда» комикстерінің мұқабасы 

«Студиямыз пайда болғаннан бері 25-ке жуық жеке комикстер басылымын және тапсырыс арқылы 50-ден астам коммерциялық жинақтарды шығардық.  Алдағы кездесудің тақырыбы – «Қазақстандағы суперкейіпкерлер. Олар кімдер?». «Байқоңырдың» қонақтары және қатысушыларымен бірге отандық кейіпкерлердің танымалдылығы мен олардың қазақстандық аудиторияның сұранысына сай келетіні-келмейтіні туралы әңгіме өрбітеміз»,- деп түсіндірді Оразхан Жақып.

Шара «Көк-Төбе» демалыс саябағында өтеді. Қонақтар кездесу барысында қазақстандық комикстермен танысып, алған әсерлерімен бөлісе алады. 

 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін