Жаңалықтар

Жаңалықтар

New York Film Academy «Байқоңыр» кинофестивалінде үздік қоюшыны анықтап, режиссура бойынша өтетін шеберлік сағатына сертификат сыйлайды

«Көк-Төбе» саябағында 15-16 қыркүйек күндері II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі болады. Кинофестивальға қатысуға 140 өтініш келіп түскен. Әр фильм бағыты мен мазмұны жағынан ерекшелікке толы.

Байқау бағдарламасының қысқаметражды таспа режиссерінің бірі New York Film Academy-дің 27-29 қазан аралығындағы Алматыда өтетін режиссура бойынша шеберлік сағатына тегін қатысатын болады.

Айт кету керек, байқау бағдарламасына 35 қысқаметражды таспа енді, сондай-ақ, 3 кинофильм II «Байқоңырдың» байқаудан тыс бағдарламасы аясында көрсетіледі. 

New York Film Academy шеберлік сабағына үздік педагогтарды шақырады, режиссура бойынша шеберлік сағатын New York Film Academy-дің Лос-Анджелестегі деканы Келли Гарднер өткізеді. Оның театр, кино және телевидениедегі режиссерлік тәжірибесі бар.

NYFA түлектерінің арасында танымал режиссерлар Қанат Бейсекеев, Мәлік Зеңгер, Асқар Бисембин, Олжас Нұрбаев және Медет Шаяхметов, сондай-ақ актерлар Санжар Мәди мен Әсел Сағатова бар.

Шеберлік сабағы туралы толық мәліметті www.nyfa.kz сайтынан оқуға болады. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін