Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінде Қарлығаш Мұхамеджановамен кездесу өтеді

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінде Қарлығаш Мұхамеджановамен кездесу өтеді

«Байқоңыр-2017» кинофестивалінде Қарлығаш Мұхамеджановамен кездесу өтеді

15 қыркүйек күні II Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалінде Қарлығаш Мұхамеджановамен кездесу өтеді, актриса өз табысының құпияларымен бөлісетін болады. Қазақстан киносының белгілі әртісі - New York Film Academy-дің арнайы шақырылған қонағы.

Қарлығаш Мұхамеджанова алғаш рет түсірілім алаңына 2009 жылы тап болған, сол кезде Әнуар Райбаевтың «Лавэ» фильміндегі рөлге ие болған-ды. Бойжеткен нағыз киноның дәмін сезінген соң, табысты заң мамандығын тастап, өзі кинематографияға арнауды ұйғарады. Сәтті шыққан дебюттен соң актриса «Серпіліс» пен «Махаббат тәлкегі» картиналарына түскен. Алайда, Қарлығаш 2010 жылы Фархат Шәріповпен түсірілген «Қызғылт қоян туралы хикая» комедиясында алғашқы басты рөліне ие болады. Ол сол жылы Егор Кончаловскийдің «А-ға» қайта оралу» фильміне түседі. 

Күнделікті түсірілімдер отандасымызға жеке өмірін қалыптастыруға кедергі келтірген жоқ. 2012 жылы Қарлығаш тұрмысқа шықты, кейіннен қызды болды. Актриса шығармашылық қысқа үзілістен соң, «Астана – жүрегім менің», «Аманат», «Сәбина келін 2», «Қазақ хандығы: Алмас қылыш» картиналары арқылы, сондай-ақ «Бүкіл әлем табанымыздың астында» атты қазақ-америкалық таспасымен киноэкранға қайта оралды.

Мұхамеджанова қандай кәсіби қиындықтарға тап болғанын, күрделі мәселелермен қалай күрескенін және Нью-Йорк киноакадемиясы туралы «Байқоңыр» кинофестиваліндегі қонақтармен кездесуінде айтып береді.

Аталмыш шара 15 қыркүйек күні Көк-Төбе саябағында өтеді. Басталуы сағат 19:15-те.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін