Жаңалықтар

Жаңалықтар

IV Baiqonyr International Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-ға өтініштерді қабылдау басталды. Өтініштер 2019 жылдың 15 тамызына дейін қабылданады. Мәдени шара Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Фестиваль ұйымдастырушысы – «Бродвей» кинопорталы. Бас серіктес – Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес - Visit Almaty. Пошта қызметі бойынша серіктес - Kazpost.

Ұлттық байқауға 2018-2019 жылдары кез-келген жанрда түсірілген көркемсуретті, деректі және анимациялық қысқаметрлі фильмдер қатыса алады. Картиналардың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Дедлайннан кейін келген өтініштер іріктеу комиссиясына жіберілмейді. ІІІ Baiqonyr Short Film Festival-ға қатысқан жұмыстар қабылданбайды. Байқауға ұсынылған фильмдер әлеуметтік желілерде ашық таралымда болмауы керек. Қолданылған музыкалық композициялардың авторлық құқығы сақталуы тиіс. Фильм іріктеуден өткен жағдайда фильмді казақ тілінде орыс тіліндегі субтитрлермен беру қажет (егер фильм орыс тілінде болса, қазақ тіліндегі субтитрлермен болуы керек).

Халықаралық байқауға 2018-2019 жылдары ТМД елдер азаматтарымен түсірілген кез-келген жанрдағы көркемсуретті фильмдер қабылданады. Картиналардың ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс. Дедлайннан кейін келген өтініштер іріктеу комиссиясына жіберілмейді. Байқауға ұсынылған фильмдер әлеуметтік желілерде ашық таралымда болмауы қажет. Қолданылған музыкалық композициялардың авторлық құқығы сақталуы тиіс. Фильм іріктеуден өткен жағдайда фильмді орыс тіліндегі субтитрлермен беру қажет.

Іріктеу комиссиясының шешімі  және фестиваль қатысушылары туралы ресми ақпарат Фестиваль сайтында орналастырылады.

Ұлттық байқау бағдарламасының қазылар алқасы жеңімпаздарды келесі номинациялар бойынша анықтайды: «Бас жүлде», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік қоюшы-суретші», «Үздік сценарий», «Үздік дыбыс», «Үздік экперименталды фильм», «Үздік деректі фильм», «Үздік анимациялық фильм», «Үздік актер», «Үздік актриса», «Бродвей» таңдауы».

Халықаралық бағдарлама қатысушылары келесі номинациялар бақтарын сынайды: «Бас жүлде», «Үздік режиссер», «Үздік оператор», «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік актриса».

Өтініштер кинофестивальдің ресми сайты (baiqonyr.brod.kzарқылы қабылданады.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін