Жаңалықтар

Жаңалықтар

III Baikonyr Short Film Festival-дан фоторепортаж

III Baikonyr Short Film Festival-дан фоторепортаж

III Baikonyr Short Film Festival-дан фоторепортаж

Алматыда жыл сайынғы қысқаметражды кинофестиваль - үшінші Baikonyr Short Film Festival болып өтті. 195 өтініштен іріктеу комиссиясы байқауға 47 жұмысты таңдап алды, барлығы 13 жүлде үшін таласты.

Биыл Baikonyr SFF-іне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Kinopark Theater және Kinoplexx Cinema қолдау білдірді.

III Baikonyr Short Film Festival-де көрермендер қызықты бағдарламалармен танысып қана қоймай, кинодағы авторлық құқық жайлы айтып берген Темірлан Төлегеновтың шеберлік сағатына қатысты. Бұл білімнің қатысушылар мен жас кинематографшыларға жұмыстарын басқа фестивальдер мен телеарналарға жібергенде қажет болатыны сөзсіз. Сондай-ақ, қонақтарға қырғыз және өзбек халқының үздік қысқаметражды кинолары ұсынылды.

Жеңімпаздардың есімдері анықталды, ендігі кезекте өткен кинофестивальді фотогалереямыз арқылы еске түсіріп көрейік.

 

 

Фото: Асқат Баймұратов; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін