Жаңалықтар

Жаңалықтар

IV Baiqonyr ISFF-дің ашылу фильмі қысқаметрлі «Су» туындысы болады

IV Baiqonyr ISFF-дің ашылу фильмі қысқаметрлі «Су» туындысы болады

IV Baiqonyr ISFF-дің ашылу фильмі қысқаметрлі «Су» туындысы болады

2019 жылдың қыркүйек айында Алматы қаласында, Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында IV Baiqonyr International Short Film Festival өтеді. Шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры қолдау көрсетеді.

Кинофестивальдің ашылу фильмі Айжан Қасымбектің қысқаметрлі «Су» фильмі болады. Былтырғы жылы туынды Вьетнамда өткен 5th Hanoi International Film Festival-де үздік қысқаметрлі фильм атанса, Monaco International Film Festival-де үш бірдей: «Үздік артхаус фильм», «Костюм суретшісінің үздік жұмысы» және «Үздік музыка» номинация бойынша жеңімпаз атанды.

Фильм өткен шағынан қол үзгісі келмейтін Қасымыч қария жайлы баяндайды. Өткен өмірі шындығына айналып бара жатқан қария – өмірінің бақытты сәттерін тағы да сезіну үшін, балалық шағы өткен жерге оралады. Қарияның алдында екі ғана таңдау бар: өткен шақта толығымен қалу немесе онымен мәңгіге қоштасу. 

Режиссері: Айжан Қасымбек. Сценарий авторлары: Айжан Қасымбек, Тимур Нұрдәулет, Ерболат Ержанов, Әлібек Әміржанов, Илья Гариев. Операторлар: Әлібек Әміржангов, Айгүл Нұрболатова, Қуаныш Құрманбаев, Рафаель Абузаров, Жанболат Әділбаев. Қоюшы-суретші: Анастасия Пономарева. Композиторлар: Роберт Зиганшин, Ғалижан Досмағамбет. Дыбыс режиссері: Илья Гариев. Продюсері: Диана Әшімова.

Рольдерде: Ерболат Ержанов, Зере Гусман, Александр Медведев, Ерболат Тоғызақов және Александр Коловертных.

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің бас серіктесі Kinoplexx Theatres; шараның алтын серіктесі – Visit Almaty; пошта қызметі бойынша серіктес – Kazpost. Ұйымдастырушы – «Бродвей» кинопорталы.

Естеріңізге сала кетейік, IV Baiqonyr ISFF-ге өтінімдер қабылдау басталды. Конкурс талаптарымен толығырақ фестивальдің ресми сайтында таныса аласыздар.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін