Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Baiqonyr ISFF: Ұлттық байқаудың қатысушылары

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының үшінші рет қолдауымен өткізіліп отырған Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысуға өтінім қабылдау аяқталды. 

Биылғы жылы ұлттық байқауға қатысуға 170-тен астам жұмыс келіп түсті. Бірақ, 22 ғана фильм Baiqonyr ISFF бағдарламасына енді. Іріктеуді кинотанушылар - Ержан Жұмабеков, Бекжан Байгенжеев және режиссер Олжас Исаев жүргізді. 

Ұлттық байқау «Көркемсуретті кино» және «Деректі кино» секциясынан құралды. 

«Өкінішке орай, биылғы жылы анимациялық кино секциясы өткізілмейді. Өйткені, бағдарламаны құрауға өтінімдер жеткілікті болған жоқ. Менің ойымша, бұл мәселеге назар аударған жөн. Себебі, қысқаметрлі анимациялық фильмдердің өндірісі қиын жағдайда. Baiqonyr ISFF көрсеткіші осыған дәлел», - деді, фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабеков.  

«Деректі кино» секциясы бойынша келесі фильмдер көрсетіледі:

Meraki - Айша Сәлімгереева;

«Тақсыр» - Камилла Бердімұратова;

«Остров Крым» - Надира Садуова;

«Ханские танцы» - Рабиға Орынбасарова;

«Қарғалар» - Нұрқадір Үрімхан;

«Кардиохирург» - Нұрали Шакиров және Арай Алтаева;

Focus - Жадыра Жұмакүлбаева, Диас Балмағанбет.

«Остров Крым» фильмінен кадр - Надира Садуова
«Остров Крым» фильмінен кадр - Надира Садуова

«Көркемсуретті кино» секциясында келесі фильмдер ұсынылды:

«Жаздың салқын түні» -  Әмір Әменов;

«Қағаз тікұшақ» - Әлішер Жәдігеров;

«Танго» - Іңкәр Кәрім;

«Желтое платье» - Талғатбек Әбішев;

«Бауыр» - Еламан Шаубанов;

«Статус не свободен» - Мәди Балжанов;

«Макс» - Азамат Шарғын;

«Дипломмен ауылға» - Самғар Рақым;

«177» - Жарқын Тлеухор;

«Покой» - Нұрмахан Телжан, Темірлан Ердаулетов;

«Ізбасар» - Темірлан Арисбаев;

«Masa» - Нұрбол Ерболұлы;

«Удобрение» - Мырза Байсамбеков;

«Айып» - Армат Тельманов.

«Танго» фильмінен кадр - Іңкәр Кәрім
«Танго» фильмінен кадр - Іңкәр Кәрім

Baiqonyr ISFF 2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Серіктес - Visit Almaty және Алматы қаласының Туризм басқармасы. Фестиваль ұйымдастырушысы «Бродвей» кинопорталы

Еске сала кетейік, бұған дейін IV Baiqonyr International Short Film Festival халықаралық қатысушылары белгілі болған. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін