Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baikonyr SFF-2018: Қырғыз киносының кеші

Baikonyr SFF-2018: Қырғыз киносының кеші

Baikonyr SFF-2018: Қырғыз киносының кеші

Алдағы үшінші Baikonyr Short Film Festival фестивалінде байқаудан тыс бағдарлама аясында қырғыз киносының кеші өтеді. Бас демеушісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры болып табылатын көрсетілім 2018 жылы 20 қыркүйек күні басталады. Фестивальдің бас серіктесі – Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinemas.

Baikonyr SFF қатысушылары мен қонақтарына Қырғызстан режиссерларының 5 қысқаметражды фильмі ұсынылады. Барлық картиналар халықаралық кинофестивальдердің қатысушылары мен жүлдегерлері болып келеді. Кеш бағдарламасын белгілі кинотанушы, киносыншы, FIPRESCI мен NETPAC мүшесі Гүлбара Толомушова жасады.

«Киноман» (2017) - режиссер Асқар Нұрақунулуның дебютті фильмі. Таспа сюжеті кинозалға жасырын түрде кіргісі келген балақай жайлы баяндайды. Бірақ оның барлық әрекеті сәтсіз болады. Оған есіктің сыртынан шығып жатқан дыбысқа ғана қанағаттануға тура келеді.

Фильм жүлделерінің арасында ТМД елдері жастар киносы «Үміт» Форумының Бас жүлдесі, Кайсеридегі (Түркия) фестивальден алған «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» және «Достастық» киномектебінің (Грузия) қысқаметражды фильмдер байқауында алған бірінші орыны бар. Сондай-ақ, картина Германиядағы Халықаралық Mo&Friese балалар фильмдері кинофестивалінің байқау бағдарламасына және Швециядағы BUFF Malmö International Film Festival кинофестиваліне іріктелініп алынды.

«Киноман» фильмінен көрініс
«Киноман» фильмінен көрініс

«Омур» («Өмір»)Чолпонай Борубаеваның 2018 жылы жарыққа шыққан жұмысы. Таспа шалғайдағы ауылда тұратын, өзінің жерлеу рәсімін ұйымдастыратын егде әйел жайлы баяндайды. Фильм негізіне Алай ауылында расында да тұрған Нават есімді жалғызбасты әйелдің шынайы хикаясы арқау болған.

Картина Грузиядағы «Достастық» киномектебінің қысқаметражды фильмдер байқауына, сондай-ақ «Еуразия-2018» ХКФ қысқа метр байқауына қатысты.

«Бізде бәрі жақсы» - Ақжол Бекболотовтың сонау 2007 жылы ұсынылған қысқа метрі. Сюжетте қаңғыбас-жетім Шералы мен мас ата-анасынан үйден қашып кеткен Қыялбек баяндалады.

Фильм Тегерандағы (Иран) XIII жас режиссерлар фестивалінде Азия-Тынық мұхиты аймағынан шыққан үздік жұмыс деп танылды, ал 2009 жылы ТМД елдері жастар киносы «Үміт» Форумында Бас жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, таспа Дрезден (Германия) мен Дубайдағы (БАӘ) халықаралық кинофестивальдердің байқау бағдарламаларында таныстырылды.

«Омур» («Өмір») фильмінен көрініс
«Омур» («Өмір») фильмінен көрініс

«Оймоқ» - Қасиет Қубанычбекқызының 2017 жылғы деректі картинасы. Таспада бүркітші Аманның хикаясы баяндалады, ол бір күні жаралы бүркітті тауып алады да, үйіне апарып, емдейді. Бірақ, Аманның үйінде бұрыннан бері досы – Оймоқ есімді бүркіт тұратын. Жаңа келген қонақтан иесін қызғанған бүркіт жартастарға ұшып кетеді. Аман қанатты досын іздеуге аттанады.

Таспа қоржынында «Ақ Ілбіріс – 2018» жүлдесінің «Үздік деректі фильм» сыйлығы және ТМД, Балтия және Грузия елдерінің «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» VII ХКФ ұлттық байқауында алған «Үздік фильм» номинациясындағы жеңісі бар.

«Таш - Құмыр» - Евгений Чистяковтың 2017 жылы жарыққа шыққан қысқаметражды жұмысы. Оқиға кейіпкерлері – тастанды қала Таш-Құмырда шахтада жұмыс істеп, нан табатын екі жасөспірім. Балалар армандарына қол жеткізетіндеріне әлі де сенімді.

Фильм VII «Қырғызстан – қысқаметражды фильмдер елі» фестивалінде «Үздік режиссура» және «Үздік дыбыстық әрлеу» номинацияларын жеңіп алған.

«Оймоқ» фильмінен көрініс
«Оймоқ» фильмінен көрініс

Baikonyr Short Film Festival фильмдерінің көрсетілімдері бір уақытта екі қалада – Алматыда Kinoplex Saryarka кинотеатрында және Астанада Kinopark 8 IMAX Saryarka кинотеатрында өтеді.

Фестивальге қатысатын фильмді 31 тамызға дейін беруге болады. Ол үшін байқаудың Baikonyr.brod.kz ресми сайтындағы өтінішті толтыру қажет.

 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін