Кіру
Тіркелу
Құпия сөзді еске түсіру керек пе?

или

  • через Фейсбук

Аккаунтыңыз жоқ па?Тіркелу

Вход
Тіркелу

или

  • через Фейсбук

Сізде аккаунт бар ма?Кіру

Құпия сөзді қалпына келтіру

Жоқ, рахмет.Мен құпия сөзді есіме түсірдім

Спасибо за заявку!

Ваша работа скоро появится на сайте.

Вернуться на главную страницу

Кіру РуEn
Купить билет
Фестиваль кино Байконур
Жеңімпаздар Өткенге шолу жасау Өтініш беру Финансирование Аккредитация
Фестиваль туралы Фильмдер Бағдарлама Қазылар алқасы Жаңалықтар Видеоконкурс
Фестиваль кино Байконур
Фестиваль туралы Фильмдер Бағдарлама Қазылар алқасы Жаңалықтар Видеоконкурс
Жеңімпаздар Өткенге шолу жасау Өтініш беру Финансирование Аккредитация
Кіру РуEn

Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baikonyr SFF-2018: Алматыда кинофестивальдің ашылуы болды

Baikonyr SFF-2018: Алматыда кинофестивальдің ашылуы болды

  • 22 Сентября, 2018
  • 2151
Baikonyr SFF-2018: Алматыда кинофестивальдің ашылуы болды

Алматыда Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында үшінші Baikonyr Short Film Festival қысқа метрлі кинофестивалінің ашылу салтанаты болып өтті. Шараға кинорежиссер Рашид Нұғыманов, продюсер Нұртас Адамбай, актрисалар Аружан Жазылбекова, Динара Бақтыбаева, Бибігүл Ақтан (Сүйіншалина), актерлар Дастен Шәкіров, Олжас Тоғымбет және басқа да отандық кино өкілдері келді.

Динара Бақтыбаева, Әнуар Кенжибаев
Динара Бақтыбаева, Әнуар Кенжибаев

Кинофестивальдің бас демеушісі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, бас серіктестер – Kinopark Theatres және Kinoplexx Cinemas. Көрсетілім ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы.

Baikonyr SFF Жаннат Алшанованың «Маусым соңы» фильмімен ашылды. Картина 71-ші Канн кинофестивалінің Cinefondation қысқа метрлі таспалар бағдарламасына қатысқан.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға координаторы Тимур Исмаилов, фестиваль директоры Әнуар Кенжибаев
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға координаторы Тимур Исмаилов, фестиваль директоры Әнуар Кенжибаев
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жобаларының аға координаторы Тимур Исмаилов, фестиваль директоры Әнуар Кенжибаев

Ашылу барысында Дәрежан Өмірбаевтің «Шілде» фильмінің 30 жылдығына орай арнайы көрсетілім өтті.

«Көпшілігі қысқаметражды фильмдерді дұрыс қабылдамайды. Негізі, қысқаметражды киноның форматы – өнер жасауға, бір дүниені шынайы жасауға бағыттылған әрекет, форматы жағынан ол айналымға шыға алмайды немесе коммерциялық бола алмайды. Тарковский айтқандай, кез-келген режиссер алғашқы кадрлардан-ақ білінеді. Егер режиссердің жеке қолтаңбасы мен кино тілі болса, ол бірінші минуттан-ақ көрінеді. Әрі қарай фильмдерінің мазмұнын ғана өзгерте отырып, осының барлығын өмір бойы қолдана береді. Сондықтан, қысқаметражды картиналарды көріңіздер, түсіріңіздер. Олар киномәдениеттің бастамасы болып келеді», - деп бөлісті пікірімен режиссер әрі кинотанушы Дәрежан Өмірбаев.

Нұртас Адамбай, Әнуар Кенжибаев
Нұртас Адамбай, Әнуар Кенжибаев
Нұртас Адамбай, Әнуар Кенжибаев

Baikonyr SFF байқау бағдарламасына қазақстандық режиссерлар түсірген 47 ойын, деректі және анимациялық фильмдер қатысуда. Жұмыстарды FIPRESCI пен NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова, актриса Аружан Жазылбекова, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова, режиссер әрі сценарист Адай Әбелдинов, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай және дыбыс режиссері Денис Коноплев бағалайтын болады.

Денис Коноплев, Әнуар Кенжибаев
Денис Коноплев, Әнуар Кенжибаев
Денис Коноплев, Әнуар Кенжибаев

Айта кетсек, фестиваль аясында сонымен қатар, қырғыз және өзбек қысқаметражды киноларының кештері мен шеберлік сабақтары өтеді.

Еске сала кетейік, кинофестиваль 23 қыркүйекке дейін жалғасады. Шара Kinoplexx Sary Arka-да (Алтынсарин, 24А) өтіп жатыр.

 

https://web.telegram.org/#/im?p=@brodkz_kaz
https://web.telegram.org/#/im?p=@brodkz_kaz
  • 22 Сентября, 2018
  • 2151
Казахстанское кино

2 Июля

Almaty Series Festival и Series Mania открывают новые горизонты

Алматы, Казахстан, 22-26 сентября 2025 года

Казахстанское кино

12 Сентября, 2024

В Алматы завершился III Международный форум киноведов и кинокритиков

IX Baiqonyr

Казахстанское кино

9 Сентября, 2024

IX Baiqonyr кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

IX Baiqonyr

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін

Фестиваль туралы
Фильмдер
Қазылар алқасы
Бағдарлама
Өтініш беру
Өткенге шолу жасау
Rocket Firm logo2019

© 2016–2025 Байконур — проект Бродвея