Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baikonyr SFF-2018: үшінші фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Baikonyr SFF-2018: үшінші фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Baikonyr SFF-2018: үшінші  фестивальдің жеңімпаздары анықталды

Алматыда өткен үшінші Baikonyr Short Film Festival қысқаметражды кинофестивалі өз мәресіне жетті. Кинокөрсетілім 20 қыркүйек басталып, бас демеуші Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының және бас серіктестер Kinopark Theatres пен Kinoplexx Cinema-ның қолдауымен өтті.

Фестивальдің байқау бағдарламасына қазақстандық режиссерлар түсірген 47 қысқаметражды фильм қатысты. Көркем-суретті кино бөлімінде 27 жұмыс, деректіде 9 және анимациялық бөлімде 11 картина таныстырылды.

13 номинация бойынша жеңімпаздарды продюсер, режиссер әрі актер Нұртас Адамбай, продюсер әрі актриса Баян Алагөзова, режиссер әрі сценарист Адай Әбелдинов, актриса Аружан Жазылбекова, деректі кино режиссері Катерина Суворова, дыбыс режиссері Денис Коноплев және II Baikonyr Short Film Festival-дің Гран-при иегері Баймұрат Жұманов анықтады.

Көрсетілімнің Бас жүлдесін режиссер Тимур Сердалиннің «Қош бол, досым» фильмі иеленді. Сонымен қатар, картина «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий» (Жәнібек Мұртазин) номинацияларында жеңіске жетті.

Аружан Жазылбекова Гран-при жеңімпазымен
Аружан Жазылбекова Гран-при жеңімпазымен

«Үздік оператор» номинациясында Бахтияр Исламовтың «Uzbek elegy» таспасы көзге түсті.

«Асан» картинасындағы рөлі үшін Азат Жұмаділ үздік актер атанды.

«Самал» драмасындағы ойыны үшін Жанеля Аликова «Үздік актриса» жүлдесіне ие болды.

Иван Ардашовтың «Өркеш» атты жұмысы үздік анимациялық фильм болды. Сондай-ақ, мультфильм «Үздік қоюшы-суретші» номинациясын иеленді.

Адай Әбелдинов «Үздік анимациялық фильм» иегерімен
Адай Әбелдинов «Үздік анимациялық фильм» иегерімен

«Үздік дыбыс» жүлдесіне «Чемпион» фильмі (Мария Валуйская, Юлия Реиман, Сейіт Тасболатов) ие болды.

Үздік деректі фильм Нұрсұлтан Нұсқабековтің «Қасапшының бір күні» фильмі атанды.

«Үздік тәжірибелік фильм» номинациясында Әлібек Әбдіхалықтың «Мен балалардың қалай өліп жатқанын бақылағанды ұнатамын» картинасы жеңіске жетті.

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» Әмір Әменовтің «Қыстың соңы» таспасына бұйырды.

«Бродвей» таңдауы» жүлдесін Самғар Рахымның «Жабайы күндер» фильмі иеленді.

«Қазылар алқасының арнайы жүлдесінің» жеңімпазы
«Қазылар алқасының арнайы жүлдесінің» жеңімпазы

«Келіп түскен өтініштер мен қатысушыларға қарап, қысқаметражды киноның Қазақстандағы болашағын аңғаруға болады. Алматы мен Астанада кинематографшыларды дайындайтын мемлекеттік және жекелей университеттер көп. Сондықтан, олардың жұмыстарының нәтижесін қарап, сараптап, пікір білдіру керек. Осыған Baikonyr Short Film Festival-дің мүмкіндік бергеніне қуаныштымын. Фестиваль қатысушыларына жағымды жаңалықты хабарлағым келеді. Үшінші кинофестивальдің бірнеше картиналары алдағы уақытта ТМД елдері «Үміт» жастар киносының форумына қатысады», - деді қазылар алқасының төрайымы, FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова.

Қазылар алқасының төрайымы, FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова
Қазылар алқасының төрайымы, FIPRESCI және NETPAC мүшесі Гүлбар Толомушова

Салтанатты жабылу шарасы Kinoplexx Sary Аrka кинотеатрында өтті. Кинофестиваль лауреаттарына мүсіндер мен естелік дипломдар ұсынылды.

Еске салсақ, Baikonyr Short Film Festival 2016 жылдан бері Алматыда өткізіліп келеді. Байқау ұйымдастырушысы «Бродвей» кинопорталы болып келеді.

 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін