Шырағыңды сөндірме<
Шырағыңды сөндірме

Драма, Семейный, Художественный, 2017
-
Автор
Дәулет Рыскулов
-
Оператор
Дәулет Рыскулов
-
Сценарист
Жәнібек Дәуіт
-
Режиссер
Дәулет Рыскулов
-
Актер/Актриса
Ергұлан Жанпейсов, Инабат Әбенова, Әбіхалел Нығмет
-
Художник-постановщик
Диас Сыдыгали
-
Режиссер-постановщик
Дәулет Рыскулов
-
Genre
-
Duration
23
Бұл туынды негізге алып отырған басты мәселе: "Ер азамат өз отбасын сақтап қалу үшін қандай әрекетке баруы мүмкін?" деген сұраққа жауап іздейді. Адам жанынан артық не бар бұл жалғанда? Адам жанын сақтап қалуға ақшаның күші жете ме? Ақшаны қандай жолмен табады? Қалталы азамат қаржысын қалай және неге жұмсайды? Адам тағдыры ақшамен өлшене ме? Бұл фильмде Ербол есімді азамат бір компанияда жұмыс істеп жүреді. Бір күні бастығы көп жыл бойы бала сүйе алмағанын, енді бала сатып алғысы келетінін Ерболға айтады. Бұны естіген Ербол сөзге келіп қалып, ақыры жұмыстан шығады. Бір күндері Ербол әке атанады. Бұл қуаныштың соңы үлкен қайғыға әкеліп соқтырады. Жаңа босанған әйелінің миынан адам өміріне қауіпті ісік табылады. Тез арада ота жасау керек, ол ота көп қаражатты талап етеді. Амалы таусылған Ербол бастығына баласын сатып алуын өтініп барады. Осылайша, ақшаға қолы жеткен Ербол әйелін аман алып калады. Бір күні әйелі баласы барын есіне түсіреді. Ербол енді өз баласын ұрлап қашуды ойлайды. Бұл әрекеті сәтсіз болады. Бірақ сатып алған бастығы әкенің бұл әрекетін түсініп, баласын өзіне қайтарып береді.


There are no comments, leave the first one
To make a comment