Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Байқоңыр - 2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. II бөлім: Анар Қашағанова және Эля Гильман

«Байқоңыр - 2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. II бөлім: Анар Қашағанова және Эля Гильман

«Байқоңыр - 2017» кинофестивалінің қазылар алқасы. II бөлім: Анар Қашағанова және Эля Гильман

Республикалық «Байқоңыр» кинофестивалінің қазылар алқасына бағытталған алғашқы экскурсиямызда біз қос режиссер Ахат Ибраев пен Шарипа Оразбаева туралы айтқан болатынбыз. Ал бүгін өз ісінің нағыз мамандары, продюсер Анар Қашағанова мен сценарист, режиссер Эля Гильман жайында сөз қозғамақпыз.

Сурет: newrik.ru

Анар Қашағанова - Кино өнерінің Еңбек сіңірген қайраткері және продюсер. Шығармашылық жолын Анар Екейқызы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының экономика факультетінде бастаған. Ол оқу орнын 1975 жылы табысты түрде аяқтады. Содан кейін, бірден сәттіліктерге қол жеткізе бастады. Анар сол жылдары ең ірі шығармашылық бірлестігі атанған «Қазақфильм» киностудиясының жоғары дәрежелі администраторы қызметіне орналасады. Ал 2007 жылы киностудияның басшысына айналады. Продюсер қазақстандық көрерменге «Түнгі блюз» және «Вокальды параллельдер» жобалары арқылы таныс. Қазіргі таңда Анар Қашағанова «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестікті басқарады.    

Сурет: vecher.kz

Эля Гильман кинематографтағы мансабында өзін тек дарынды продюсер ғана емес, сондай-ақ как сценарист, режиссер әрі актриса ретінде танытып үлгерді. Эля елдегі қиын кезеңдерде 1992 жылы мектеп бітіреді. Сондықтан, бойжеткен мамандықты жүрегінің қалауымен емес, ата-анасының айтқаны бойынша таңдайды. Эля экономика институтын бітірген соң, 27 жасында бағын сынап, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨУ-ға оқуға түседі. Содан бері режиссер «Сыныптастар», «Жүрегім менің – Астана», «Тосын сый» және «Трубадур» секілді көптеген жобаларды түсіріп үлгерген. Эля өзінің фрилансер екенін мойындайды. Егер оны бір жоба қызықтырса, жүзеге асырмай қоймайды. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін