Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жазгүл Ибраимова XI Baiqonyr Film Festival аясында қырғыз коммерциялық киносы туралы зерттеуін таныстырады

Жазгүл Ибраимова XI Baiqonyr Film Festival аясында қырғыз коммерциялық киносы туралы зерттеуін таныстырады

Жазгүл Ибраимова XI Baiqonyr Film Festival аясында қырғыз коммерциялық киносы туралы зерттеуін таныстырады

22 қыркүйекте XI Baiqonyr Film Festival аясындағы Кинотанушылар мен киносыншылар форумында кино сыншысы әрі медиа зерттеуші Жазгүл Ибраимованың «Қырғыз киносындағы дүмпудің ар жағында: коммерциялық кино туралы жазбалар» атты зерттеу дәрісі өтеді.

Дәрісте Жазгүл Ибраимова қырғыз коммерциялық киносының продюсерлері мен режиссерлерінен алынған сұхбаттар негізіндегі алғашқы зерттеу нәтижелерімен бөліседі. Зерттеу қарқынды дамып келе жатқан индустрияның голливудтық үлгілер мен өзіндік жергілікті тіл іздеу арасында «табыс формуласын» қалай қалыптастырып жатқанына арналған.

Зерттеу фильмнің экранға шығуына әсер ететін негізгі факторларды, яғни жанр таңдау, демеушілердің ұстанымы, коммерциялық есеп пен шығармашылық интуиция негізгі нысан ете отырып жасалған. Зерттеуші қырғыз коммерциялық киносына индустрияның ішінен үңіліп, болашақ фильмнің мазмұны мен формасын айқындайтын шешімдердің қалай қабылданатынын қарастырады.

Жазгүл Ибраимованың айтуынша, Baiqonyr аясындағы кездесу зерттеудің алдын ала нәтижелерін көпшілікке алғаш рет таныстыруға мүмкіндік береді.

«Бұл дәріс түпкілікті қорытынды жасауға бағытталмаған. Бұл – зерттеу барысында жиналған алғашқы деректерді сынақтан өткізіп, оларды сұхбаттар мен зерттеу процесінің шеңберінен шығарып, кеңірек аудиториямен талқылауға жасалған алғашқы қадам. Осы тұрғыдан алғанда тыңдарманның сұрақтары, пікірлері мен реакциялары зерттеудің маңызды бөлігіне айналады. Себебі олар бастапқы тұжырымдарды тексеруге, жаңа қырларды байқауға және әрі қарайғы талдау үшін маңызды болуы мүмкін мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді», — дейді Жазгүл Ибраимова.

Зерттеу Америка университетінің Орталық Азиядағы (АУЦА) Central Asian Studies Institute (CASI) гранттық қолдауымен жүргізіледі.

Спикер туралы

Жазгүл Ибраимова — Қырғызстаннан шыққан кино сыншысы және медиа зерттеуші, Орталық Азиядағы Америка университетінде (АУЦА) сабақ береді. Зерттеулерінде Орталық Азия киносы мен мәдени белсенділікті қарастырып, академиялық көзқарасты кинокритика тәжірибесімен ұштастырады.

Қашан және қайда

22 қыркүйек, 12:00
 «Арман» киноорталығы, Достық даңғылы, 104, Қызыл зал.

Билет құны: 1200 теңге.
Билеттерді Ticketon.kz  сайты арқылы ала аласыз.

Форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін