IX BAIQONYR кинофестивалінің шорт-тізімі
IX BAIQONYR кинофестивалінің шорт-тізімі

BAIQONYR IX халықаралық кинофестивалінің ұйымдастырушылары байқау бағдарламасына өткен фильмдер тізімін ұсынады. Биыл фестиваль үш бағытты қамтиды: Халықаралық қысқаметрлі көркем фильмдер байқауы, көркем және деректі фильмдер Ұлттық байқауы және көркем суретті дебюттік фильмдер байқауы.
Байқауға қатысуға барлығы 670 өтінім түсті, оның ішінде ұлттық байқауға – 150-ден астам өтініш келді.
Нәтижесінде Халықаралық қысқаметрлі фильмдер байқауына 8 елден 17 фильм іріктелді (оның ішінде 4 фильм көркемсуретті дебюттік фильм байқауында):
1.Ромео - Тыныстан Темыржан, Қырғызстан
2.30 секунд - Иван Соснин,Ресей
3. Камушки - Лариса Лигай, Өзбекстан
4.Отец, сын, конь - Шәріпбек Зәкір, Қазақстан
5.Удалить - Гагик Мадоян, Армения
6.Здесь и сейчас - Влада Лавренова, Ресей
7.Мне надо вам что-то сказать - Евгений Марьян, Ресей
8.Два дня - Теймур Гамбаров, Әзербайжан
9.Забытые - Чолпон Жанадыл, Қырғызстан
10.Вазомоторный ринит - Михаил Габаидзе, Грузия
11.Поздний ветер - Шұғыла Сержан, Қазақстан
12.Колокол в сумерках - Саадат Казакбаева, Қырғызстан
13.Люби меня! - Эльдор Кудратилаев, Өзбекстан
Ұлттық көркем және деректі фильмдер байқауына 17 фильм іріктелді:
1. Құрт - Асылжан Әбдімүтәліп
2.Таңдау - Гүлнұр Қалмухамбетова
3. Space - Тұрар Тахир
4. 64 пункта почему все пошло не так - Дильназ Абраимова
5. Көрімдік - Әлімжан Алмұхан
6. Мектепте - Алматбек Амангелді
7. Понча - Қайша Рахимова
8.Хат - Сабитов Ернат
9. Қақпан – Әнуарбек Хамитов
10.Төрт мұнара - Ердана Әби
11. Одинокие души - Тілеуберді Тұрарбек
12.Виктория – Мәулен Әлімхан
13. Дочь Акима – Венера Қайыржанова
14.DYAD - Айдан Серік
15. Иванбек – Дарын Дәулетхан
16. Однажды в Коргалжино - Арай Кәрімова
17. Выборы - Эрик Завизион
Сондай-ақ биыл Көркемсуретті дебюттік фильм бағдарламасы жеке байқауға бөлінген, оған 4 фильм қатысады:
1. ERROR 404 - Тынчтык Абылкасымов, Қырғызстан
2. Ласточка - Малика Мухамеджан, Ресей-Қазақстан
3. Water boy - Файзулло Фаиз, Тәжікстан
4.Свет - Антон Коломеец, Ресей
3-8 қыркүйек аралығында Алматыда IX BAIQONYR халықаралық кинофестивалі өтетінін еске саламыз. Биыл фестиваль ресми демеушілеріміздің бірі - MEGA Alma-Ata сауда орталығындағы Chaplin Cinemas кинотеатрында өтеді.
Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастығы қорының қолдауымен өтеді.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін