Жаңалықтар

Жаңалықтар

Кинофестивальдің бағдарламалық қызметі

Кинофестивальдің бағдарламалық қызметі

Кинофестивальдің бағдарламалық қызметі

7-11 қыркүйек аралығында Алматы қаласында 7th BAIQONYR International Short Film Festival-і өтеді. Биыл фестиваль бағдарламасы үш конкурстан тұрады – ұлттық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер), халықаралық (көркем және деректі қысқа метражды фильмдер) және анимация.

Ұсынылған 306 киножобаның ішінен фестивальдің бағдарламалық қызметі фестивальге қатысу үшін 48 жобаны іріктеп алды. Бағдарлама қызметінің өкілдері конкурсқа қандай фильмдер өткендігі және іріктеу қалай болғандығы туралы айтып берді.

«Кинофестиваль бағдарламасы үшін фильмдерді іріктеу тәжірибемнің үш жылы ішінде жалпы үміткер-кинокартиналар сапасының тұрақты жақсару үрдісі байқалады. Оқиғалардың сауатты драматургиясынан бастап визуалды орындауға дейін. Әр түрлі фильмдер, әр түрлі жанрлар ұсынылады. Режиссерлер жаһандық проблемалардан бастап, туған елдегі оқиғаларға өткір реакцияға дейін әртүрлі тақырыптар мен қақтығыстарды зерттейді», - дейді Райымбек Әлжанов, кинорежиссер және сценарист, ҰКҚМО және Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қолдауымен түсірілген «Мерген» фильмімен халықаралық кинофестивальдердің лауреаты.

«Іріктеуші мәртебесінде қалу мен үшін үлкен мәртебе, бұл маған заманауи кино процесінің импульсінде болуға, әріптестерімнің көңіл-күйін бақылауға мүмкіндік береді. Фильмдердің сапасы жыл сайын артып келеді және бұл керемет үрдіс», - дейді ол.

«Фестивальдің мақсаты - жас кинематографистерді, әсіресе өз фильмдерін түсіріп, үлкен экрандарда көрсететін шығармашылық жоғары оқу орындарының студенттерін қолдау. Дәл осы шығармашылық жолда олардың қай бағытта қозғалатыны анықталады. Байқоңыр - қазіргі уақытта жас режиссерлер қатысқысы келетін ең беделді қысқа метражды кинофестиваль. Сондықтан іріктеу кезінде жас режиссерлердің шығармашылығына, оларды қолдауға ерекше назар аударамыз», - дейді кинотанушы, Қазақ ұлттық өнер университетінің магистранты, Бауыржан Нөгербек атындағы стипендия иегері Еңлік Егеубаева (Нұр-сұлтан қ.). - Алдыңғы BAIQONYR кинофестивальдеріндегідей, халықаралық байқауға Өзбекстан, Армения, Тәжікстан, Әзірбайжан сияқты ТМД елдері қатысады. Биылғы жылы Ресейден көптеген өтінімдер келіп түсті.

Және де ұлттық байқау әрқашан ерекше қызығушылық тудырады. Биыл ұлттық байқауда балалар немесе жасөспірімдер фильмдері басым. Бұл "Балалар жылы" бағдарламасы аясында арнайы таңдалған фильмдер емес. Осылайша, жас режиссерлер, әсіресе студенттер-түлектер, экранда өздерінің балалық шақтарын еске түсіруді немесе оларды толғандырған оқиғамен бөлісуді шешті. Айта кету керек, режиссерлер ересек фильмдерден алыстай бастады және жан-тәнімен түсіруге тырысады».

Сондай-ақ, бағдарламалық қызметтің құрамына фестивальдің үш дүркін лауреаты Иван Ардашов кіреді, ол биыл конкурстан тыс өзінің ҰКҚМО көмегімен түсірілген «Кенже қыз» мультсериалын көрсетеді. Және де құрамда кино туралы мақалалардың авторы, кинотанушы Ақерке Қамашбекте бар. Ал фестивальдің бағдарламалық директоры  - кинотанушы, өнертану магистрі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Кино тарихы мен теориясы" кафедрасының оқытушысы, NETPAC мүшесі Ержан Жұмабеков.

Естеріңізге сала кетсек, VII BAIQONYR International Short Film Festival 7-11 қыркүйек аралығында Алматыдағы «Арман» киноорталығында өтеді.

Дәстүрлі түрде Baiqonyr фестивалінің ұйымдастырушысы еліміздің жетекші кинопорталы – «Бродвей» (brod.kz).

Фестиваль ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді. Ақпараттық қолдауды «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ көрсетеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері «Хабар» және El Arna телеарналары, «Жұлдыз FM» және «Эльдорадио Алматы» радиостанциялары, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Baribar.kz, 365 Info.kz, «Экспресс К» интернет порталдары, Egemen Qazaqstan, «Казахстанская правда», Almaty Aqshamy, «Вечерний Алматы» және «Комсомольская правда Казахстан» басылымдары.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін