Жаңалықтар

Жаңалықтар

Киновед, өнертану докторы Гүлнар Әбікеваның «Тәуелсіз Қазақстан киносы» кітабының тұсаукесері

Киновед, өнертану докторы Гүлнар Әбікеваның «Тәуелсіз Қазақстан киносы» кітабының тұсаукесері

Киновед, өнертану докторы Гүлнар Әбікеваның «Тәуелсіз Қазақстан киносы» кітабының тұсаукесері

2025 жылғы 20 қыркүйекте Алматы қаласында белгілі киновед, киносыншы, Қазақстан киносыншылары ассоциациясының президенті, NETPAC мүшесі – Гүлнар Әбікеваның кітабының салтанатты тұсаукесері өтеді.

Кітап туралы

«Тәуелсіз Қазақстан киносы» – ұлттық кинематография тарихына арналған алғашқы монография. Басылымда тәуелсіздік жылдарындағы киноның қалыптасу кезеңдері, көрнекті авторлар мен олардың фильмдері қарастырылады, көркемдік үрдістер, жетістіктер мен индустрия алдында тұрған сын-тегеуріндер талданады.

Кітап «Уақыт», «Кинопроцесс», «Сұхбат», «Фильмдер», «Адамдар» бөлімдеріне бөлінген. Мұндай құрылым мәтінді жеңіл әрі қолжетімді етеді. Монографияда қазақстандық киноның әртүрлі буындары – «Қазақтың жаңа толқыны», посттолқын өкілдері және «Тәуелсіздік балалары» қамтылған. Басылымның құндылығын арттыратын – Анастасия Тәукелованың фотосуреттері мен көркемдік дизайны.

Іс-шара туралы

Тұсаукесер тек зерттеумен танысу ғана емес, соңғы онжылдықтағы қазақстандық кино жайлы ашық пікірталас алаңы болады. Авторы өз байқауларымен бөлісіп, кітапты жазу барысы және тәуелсіз кинематографтың қазіргі мәдени кеңістіктегі орны туралы әңгімелейді.

Іс-шара кинематографистерге, зерттеушілерге, шығармашылық мамандық студенттеріне және кино мен Қазақстан мәдениетіне қызығушылық танытқан барша көрерменге арналған.

Кітаптың тұсаукесері «Байқоңыр» кинофестивалі аясында, ТМД қатысушы мемлекеттерінің Гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді.

 

Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін