Жаңалықтар

Жаңалықтар

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің ресми постері жарияланды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің ресми постері жарияланды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің ресми постері жарияланды

IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің ресми постері жарияланды

III Baiqonyr Short Film Festival-дің жеңімпазы, Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі Тимур Сердалиннің «Қош бол, досым» қысқаметрлі фильмінің кадры афишаға негіз болды. Сонымен қатар, фестиваль дәстүрі бойынша, режиссер IV Baiqonyr International Short Film Festival-дің қазылар алқасының құрамына енеді.

«Қош бол, досым» қысқаметрлі фильмі III Baiqonyr Short Film Festival-де үш бірдей: Бас жүлде, «Үздік режиссура» және «Үздік сценарий» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Одан бір жыл бұрын, Zhaik Film Fest-те, қысқаметрлі туынды «Үздік оператор» және «Көрермен көзайымы» категориялары бойынша екі сыйлыққа ие болған.

Фильм көлікте келе жатқан екі дос жайында баяндайды. Олардың бірі ауыр жараланғандықтан, өзін жерлеуді және олжаның өзіне тиесілі бөлігін мешітке беруін сұрайды. Ауыр жарақаттың салдарынан көз жұмған жігіттің алдында берген уәдесін екінші досы қалай да болса орындауға бел буады.

«Қош бол, досым» қысқаметрлі туындысының сценариін Тимур Сердалин, Жәнібек Мұртазин және Еркебұлан Балғабай бірлесе жазған. Қоюшы-операторы Еркебұлан Балғабай. Дыбыс режиссері Малика Беламанова. Басты рольдерде Жәнібек Мұртазин және Тимур Сердалин ойнаған.

IV «Байқоңыр» Халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалі биыл, қыркүйек айының 4-8 жұлдыздары аралығында өтеді.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін