Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жарты миллион техника жалдау үшін - «Үздік фильмге» арнайы сыйлық

Жарты миллион техника жалдау үшін - «Үздік фильмге» арнайы сыйлық

Жарты миллион техника жалдау үшін - «Үздік фильмге» арнайы сыйлық

Биылғы Baiqonyr Film Festival аясында басты номинация жеңімпазына арнайы сыйлық тағайындалды. «Үздік фильм» жүлдесін иеленген картинаның продюсері ALASH RENT компаниясынан техника жалдауға арналған 500 000 теңгелік сертификатқа ие болады. Бұл қолдау жаңа жобалар түсіруге заманауи камералар мен жарық жабдықтарын пайдалануға мүмкіндік беріп, ең батыл шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға жол ашады.

Неге ALASH RENT жас кинематографистерді және Baiqonyr Film Festival фестивалін қолдайды?

ALASH RENT компаниясының негізін қалаушы әрі кинооператор Азамат Дулатов былай деп түсіндірді:

«Біз қазақстандық киноның болашағына инвестиция саламыз — себебі жас авторлар жаңа кино тілін қалыптастырады. Baiqonyr оларға батыл идеяларға кеңістік береді, ал біз осы процестің бір бөлігі болып, олардың арманын жүзеге асыруға көмектескенімізге қуаныштымыз».

Қазақстандық продюсерлер мен режиссерлер қай техниканы жиі жалдайды?

Азамат Дулатовтың айтуынша, ең көп сұранысқа ие жабдықтар — кәсіби камералар: ARRI Alexa Mini, ARRI Alexa 35, ARRI Alexa Mini LF, сонымен қатар кинообъективтер, жарық жабдықтары, стабилизация жүйелері және дрондар.

«Мұның бәрі операторларға халықаралық деңгейдегі сапаға қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті ол.

Бастап жүрген продюсерлерге кеңес

Азамат Дулатов кино саласына енді қадам басқан жас мамандарға мынадай кеңес берді:

«Сұрақ қоюдан қорықпаңыздар, техниканы серіктес ретінде қарастырыңыздар - тіпті минималды құрал-жабдықпен де қуатты кино түсіруге болады. Ең бастысы - идея мен команда».

Осылайша, ALASH RENT сыйлығы тек қаржылай қолдау емес, сонымен қатар отандық кино индустриясының дамуына қосылған нақты үлес болмақ: продюсерлер жаңа жобаларды кәсіби деңгейде жүзеге асыра алады, ал қазақстандық кино халықаралық аренада өз дауысын айқынырақ жеткізе түседі.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға мүше мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізіледі.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін