Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baiqonyr жеңімпаздары NYFA-да білім алуға мүмкіндік алады

Baiqonyr жеңімпаздары NYFA-да білім алуға мүмкіндік алады

Baiqonyr жеңімпаздары NYFA-да білім алуға мүмкіндік алады

XI Baiqonyr Film Festival халықаралық байқау бағдарламаларының жеңімпаздары New York Film Academy-дің Қазақстандағы филиалында білім алу мүмкіндігіне ие болады.

NYFA фестивальге әрқайсысы $10 000 көлеміндегі алты оқу сертификатын ұсынады. Жалпы жүлде қоры – $60 000.

Сертификаттардың бірі дебюттік байқауда «Үздік фильм» атанған жұмыс иесіне беріледі. Қалған бес сертификат халықаралық қысқаметражды кино байқауында үздік шыққан қатысушыларға табысталады. Олардың арасында үздік фильм, режиссура және операторлық жұмыс аталымдары бар.

Сертификат оқу ақысын толық жаппайды, бірақ New Media, 3D Animation & VFX бакалавриат бағдарламалары мен бір жылдық Filmmaking курсының ақысын ішінара өтеуге мүмкіндік береді.

Оқу 2026 жылғы 5 қазанда басталады.

Сертификатты пайдалану үшін жеңімпаз NYFA талаптарына сай болуы керек: мектепті аяқтағанын растайтын құжаты, ағылшын тілін меңгергенін дәлелдейтін сертификаты және портфолиосы болуы қажет.

Бір жылдық Filmmaking бағдарламасына IELTS 5.5 немесе Duolingo 90, ал бакалавриатқа IELTS 6.0 немесе Duolingo 105 талап етіледі.

Сертификаттар халықаралық қатысушылар арасынан жеңімпаз атанғандарға арналған.

Baiqonyr үшін бұл жай қосымша жүлде емес. Бұл қатысушыларға фестивальден кейін кәсіби білім жолындағы келесі қадамын жасауға мүмкіндік береді.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін