XI Baiqonyr Film Festival-ге БАҚ өкілдерін аккредиттеу басталды
XI Baiqonyr Film Festival-ге БАҚ өкілдерін аккредиттеу басталды

2026 жылғы 20–25 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін XI Baiqonyr Film Festival БАҚ өкілдері үшін аккредитация басталғанын хабарлайды.
XI Baiqonyr Film Festival бағдарламасына ұлттық және халықаралық қысқаметражды кино байқаулары, толықметражды фильмдер көрсетілімі, авторлармен және киноиндустрия өкілдерімен кездесулер, дәрістер, шеберлік сабақтары мен кәсіби пікірталастар енеді. Кинотанушылар мен кино сыншылары форумы аясындағы іс-шаралар 19 қыркүйекте басталады.
Аккредитациядан өту үшін Google форманы толтыру қажет.
Формада аты-жөніңізді, БАҚ немесе медиажоба атауын, байланыс деректеріңізді көрсетіп, сонымен қатар фестивальге қатысатын күндеріңіз бен баруды жоспарлаған нақты көрсетілімдерді, сессияларды немесе басқа іс-шараларды белгілеу қажет. Бұл ақпарат ұйымдастырушыларға аккредиттелген медиа өкілдерінің тізімін алдын ала жасақтап, әр іс-шараға қажетті орын санын қарастыруға мүмкіндік береді.
Өтінімдер 15 қыркүйекке дейін қабылданады.
БАҚ өкілдеріне арналған байланыс:



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін