Жаңалықтар

Жаңалықтар

VI Baiqonyr International Short Film Festival-ге өтінімдерді қабылдау басталды

VI Baiqonyr International Short Film Festival-ге өтінімдерді қабылдау басталды

VI Baiqonyr International Short Film Festival-ге өтінімдерді қабылдау басталды

17 мамырдан бастап VI Baiqonyr International Short Film Festival-ге өтінімдерді қабылдау басталды. Негізгі байқауға өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 1 шілдесіне дейін, ал ұлттық фильмдер байқауы және музыкалық видеолар байқауына  2021 жылдың 1 тамызына дейін жалғасады. Фестиваль Алматы қаласында 8-12 қыркүйек аралығында өтеді.

Биыл BISFF 4 бағдарламадан тұрады:

Негізгі байқау (көркемсуретті және деректі қысқаметрлі фильмдер)

Ұлттық байқау (көркемсуретті, деректі және анимациялық қысқаметрлі фильмдер)

Музыкалық видеолардың ұлттық байқауы (клипмейкерлер үшін)

Шеберлік-сыныптар, дөңгелек үстелдер және  шығармашылық кездесулер

Халықаралық байқауға 2020-2021 жылдары ТМД, Түркия, Грузия, Украина елдері азаматтары түсірген көркемсуретті және деректі қысқаметрлі фильмдері қабылданады. Фильм ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс.

Ұлттық байқауға 2020-2021 жылдары кез-келген жанрда түсірілген көркемсуретті, деректі және анимациялық қысқаметрлі фильмдер қатыса алады. Фильм ұзақтығы 30 минуттан аспауы тиіс.

Музыкалық видеолардың ұлттық байқауына 2020-2021 жылдары түсірілген музыкалық видеолар қабылданады.

VI Baiqonyr International Short Film Festival-ге қатысу үшін фестивальдің ресми сайты (https://baiqonyr.kz) арқылы өтінім формасын толтыру қажет.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін