«Жаңа тыныштардан» «жаңа шынайылыққа» дейін: Лилия Немченко 2020-жылдардағы Ресей авторлық киносы туралы дәріс оқиды
«Жаңа тыныштардан» «жаңа шынайылыққа» дейін: Лилия Немченко 2020-жылдардағы Ресей авторлық киносы туралы дәріс оқиды

24 қыркүйекте XI Baiqonyr Film Festival аясында кинотанушы әрі кино сыншысы Лилия Немченконың «Мейнстрим емес: XXI ғасырдың 20-жылдарындағы Ресей киносы: авторлар мен кейіпкерлер» тақырыбындағы авторлық дәрісі өтеді. Дәріс қазіргі авторлық кино, оның совет кино дәстүрімен байланысы және кейінгі онжылдықтарда қалыптасқан жаңа бағыттар төңірегінде болмақ.
Бұл іс-шара ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтетін Кинотанушылар мен киносыншылар форумы аясында ұйымдастырылады.
2020 жылдардағы Ресей авторлық киносы совет кинематографиясының дәстүрімен диалогты жалғастыра отырып, адам мен қазіргі шындық туралы айтудың жаңа тәсілдерін іздейді. Дәрісте Лилия Немченко осы кино тілінің қалай өзгергенін және бүгін оны қандай үрдістер айқындап отырғанын қарастырады.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – 2000 жылдары Ресей киносында кеңінен сөз болған «жаңа тыныштар» бағыты. Арада жиырма жыл өткенде бұл буын мен оның эстетикасы қалай өзгерді? Оның орнын қандай жаңа бағыттар басты?
Сонымен қатар Лилия Немченко қазіргі авторлық кинодағы «жаңа шынайылыққа» тоқталып, оның кейіпкерлерді, киноның интонациясын және көрерменмен қарым-қатынасын қалай өзгертіп жатқанын талдайды.
Бұл үдерістер нақты фильмдер негізінде қарастырылады. Кинотанушы Борис Хлебников, Люба Мульменко, Владимир Мункуев, Виталий Суслин, Рауль Гейдаров және Софья Райзманның шығармашылығына жүгінеді.
Лилия Немченко — кинотанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Орал федералдық университетінің доценті, театр және кино сыншысы. Өнер философиясы, театр және кино теориясы мен мәдениеттану салалары бойынша 100-ден астам ғылыми және сыни еңбектің авторы.
Ресей Театр қайраткерлері одағы мен Кинематографистер одағының мүшесі, «НИКА» Ресей кинематография өнері академиясының академигі, «Кинопроба» халықаралық кино мектептері фестиваль-практикумының директоры.
Лилия Немченко Baiqonyr аудиториясына да бұрыннан тас, өйткені ол IX Baiqonyr Film Festival-де ол Халықаралық байқаудың қазылар алқасын басқарған. Биыл ол кинотанушы фестивальге кәсіби бағдарлама қатысушысы ретінде оралып отыр.
Дәріс қашан және қайда өтеді?
24 қыркүйек, 11:00–11:50
«Арман» киноорталығы, Достық даңғылы, 104, Қызыл зал.
Билет құны: 1200 теңге
Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы сатып ала аласыз.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін