Жаңалықтар

Жаңалықтар

Берлиннен Нью-Йоркқа дейін: Baiqonyr жеңімпаздары Қазақстанды халықаралық кинофестивальдерде таныстырып жүр

Берлиннен Нью-Йоркқа дейін: Baiqonyr жеңімпаздары Қазақстанды халықаралық кинофестивальдерде таныстырып жүр

Берлиннен Нью-Йоркқа дейін: Baiqonyr жеңімпаздары Қазақстанды халықаралық кинофестивальдерде таныстырып жүр

Baiqonyr Film Festival аясындағы Baiqonyr Promotion бағдарламасының алғашқы маусымы нәтижесін көрсете бастады. ЦентрКредит Банкінің қолдауымен жүзеге асқан бағдарлама фестивальдің арнайы грант иегерлерін халықаралық деңгейде танытуға бағытталған. «Аңсар», «Гелиос» және «Сохраняя анонимность» фильмдері кейінгі айларда Германия, Польша, АҚШ, Ресей, Қырғызстан, Түркия және Қазақстандағы халықаралық кинофестивальдерге қатысып, жүлделі орындарды иеленіп, жаңа көрерменге жол тартты.

Мәселен, «Аңсар» фильмі алдымен Берлинде өткен One Short for a Nation кинофестивалінде көрсетілсе, кейін Польшадағы KINOLUB халықаралық фестивалінің бағдарламасына енді. Фестиваль аясында картина елдің бірнеше қаласында 54 рет көрсетілді. Кейін фильм АҚШ-та өткен Spark Short Film Fest бағдарламасына да қатысты.

Ал «Гелиос» фильмінің фестивальдік жолы халықаралық тұсаукесерден басталды. Картина Якутскіде өткен «Хоту Илин» фестивалінде «Үздік сценарий» жүлдесін жеңіп алды. Кейін режиссер Батырхан Жүсіпов Орталық Азиядан америкалық тәуелсіз NoBudge платформасында фильмі жарияланған алғашқы фильммейкер атанды. Биыл қыркүйекте «Гелиос» Анкарада өтетін Халықаралық философиялық кинофестивальде көрсетіледі.

Халықаралық фестивальдердегі жетістіктерін «Сохраняя анонимность» фильмі де жалғастырып келеді. Луиза Зарипованың туындысы Қырғызстандағы Халықаралық әйел режиссерлер кинофорумында бірінші орын иеленіп, қыркүйекте Түркияда өтетін Халықаралық философиялық кинофестивальдің байқау бағдарламасына қатысады.

Baiqonyr Promotion бағдарламасының алғашқы маусымы арнайы грант иегерлеріне фильмдерін халықаралық алаңдарға шығаруға, жаңа аудиторияға жол табуға және қазақстандық киноны шетел көрерменіне танытуға мүмкіндік берді.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін