X BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер байқауының қатысушылары жарияланды
X BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер байқауының қатысушылары жарияланды

Шекарасыз өнер: X BAIQONYR кинофестивалінің халықаралық қысқаметражды көркем және деректі фильмдер байқауының қатысушылары жарияланды.
Биыл ұйымдастыру комитетінің қолына әлемнің әр түкпірінен 865 өтінім келіп түсті. Оның ішінде фестивальдік премьерадан бастап, студенттердің батыл экспериментіне дейін бар.
Іріктеу қорытындысы бойынша халықаралық бағдарламаға 13 фильм енді.
– «Золотая рыбка» – режиссёр Айжамал Мирбек кызы, Қырғызстан
– «Мама» – режиссёр Баяман Асаналиев, Қырғызстан
– «Обрыв» – режиссёр Семен Грицай, Ресей, Өзбекстан
– «Чайки над Голгофой» – режиссёр Лия Карапетян, Армения
– «Робинзон?» – режиссёр Марианна Мовсесян, Армения
– «Место под Солнцем» – режиссёр Влад Болгарин, Молдова
– «Нагота» – режиссёр Сабина Бакаева, Өзбекстан
– «Леонид Шварцман: «Повесть о мальчике и старом городе» – режиссёр Катерина Шаромет, Беларусь
– «Земля человека» – режиссёр Мариам Хачвани, Грузия
– «Словно, тебя нет» – режиссёр Азер Гулиев, Әзербайджан
– «Шелест августа» – режиссёр Даур Ладария, Ресей
– «Зуб даю» – режиссёр Сергей Анненков, Ресей
– «Кровь не вода» – режиссёры Айдар Баталов, Тимур Итенов, Қазақстан
Биыл фестиваль он жыл мерейтойын ерекше атап өтпек – халықаралық байқауға 865, ұлттық байқауға 171 өтініп келіп түскен. Мұндай назар авторлардың сенімі мен кино тілімен тәжірибе жасауға мүмкіндік беретін алаң ретінде фестивальге деген ықыластың артып келе жатқанын көрсетеді.
Іріктеу комиссиясы жүздеген фильмді қарап шығып, ой тереңдігімен, интонация дәлдігімен және әсерлі кинотілімен ерекшеленетін туындыларды іздеу барысында елеулі жұмыс атқарды. Байқау бағдарламасына енген жұмыстар жай ғана оқиғаны баяндап қоймай, сұрақ қойып, ойға жетелейтін, тың визуалды шешімдер ұсынады.
X BAIQONYR кинофестивалі 2025 жылдың 20-26 қыркүйек аралағында өтетінін еске салайық.
Фестиваль жаңалықтарын baiqonyr.kz сайтында және Instagram мен Facebook парақшамызда (baiqonyrfilmfestival) оқи отырыңыз.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін