Жаңалықтар

Жаңалықтар

X Baiqonyr Film Festival-дің ресми постері жарияланды

X Baiqonyr Film Festival-дің ресми постері жарияланды

X Baiqonyr Film Festival-дің ресми постері жарияланды

Baiqonyr дебюттік және қысқатметражды кино бойынша халықаралық фестивалінің оныншы мерейтойының ұйымдастыру комитеті іс-шараның ресми постерін ұсынды.

Фестиваль 2025 жылдың 20-26 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтіп, күздің ең басты оқиғасына айналмақ. 2016 жылы құрылған Baiqonyr он жыл ішінде Еуразия елдерінің кинематографистері арасындағы кәсіби диалогтың алаңына айналды.

Фестиваль өткен жылдар ішінде түрлі елден 121 қатысушы қазылар алқасы мен көрермендердің қошеметіне бөленіп, лауреат атанды.

2025 жылы Алматыға қазылар алқасының мүшелері, режиссерлер, продюсерлер, киносыншылар, FIPRESCI және NETPAC өкілдерін қамтитын 100-ден аса халықаралық қонақ келеді.

Фестиваль бағдарламасы мынадай:

Халықаралық дебюттік көркем фильмдер байқауы

Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы

Ұлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы

Бұдан бөлек, фестиваль аясында бұрынғы ТМД елдерінің кинотанушылары мен киносыншыларының IV Алматы форумы өтеді, сондай-ақ жаңа жоба — Almaty Series Festival басталады.

Жаңалықтардан құр қалмаңыз, алда бағдарлама және арнайы қонақтар туралы ақпарат бөлісеміз!

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін