«Экран өнерінің экологиясы» монографиясының тұсаукесері, дәріс
«Экран өнерінің экологиясы» монографиясының тұсаукесері, дәріс

Baiqonyr Film Festival аясында, дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қорының қолдауымен өтетін шарада, өнертану ғылымының кандидаты, Беларусь мемлекеттік өнер академиясы кинотелеоператорлық кафедрасының профессоры Андрей Чупринскийдің «Экран өнерінің экологиясы» монографиясының дәрісі мен тұсаукесері өтеді.
Автор қазіргі әлемдегі экран өнерінің дамуындағы проблемалар және киноиндустрияның мәдени әрі әлеуметтік ортамен тұрақты әрекеттесуіне арналған көпжылдық зерттеуін таныстырады. Қатысушылар кино мен телевизияның визуал тіліне қатысты жаңа тәсілдермен танысып қоймай, экрандағы шығармашылық саласындағы мамандардың алдында тұрған өзекті үрдістер мен сын-қатерлерді талқылайды.
Іс-шараның ресми серіктесі – AlmaU
Билеттер Ticketon сайтында қол жетімді



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін