Жаңалықтар

Жаңалықтар

BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

BAIQONYR КИНОФЕСТИВАЛІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

10 қыркүйек, Алматыда, «Арман» киноорталығында VIII BAIQONYR халықаралық кинофестивалінің жабылу салтанаты өтті.

Өткен бес күн ішінде Baiqonyr негізгі фестивалінің және оның алаңында басталған Almaty Animation фестивалінің көрермендері мен қатысушылары түрлі конкурстық бағдарламаларда 7 елден келген 82 картинаны тамашалады.

Конкурстан тыс бағдарламаларда Киносыншылар мен кинотанушылардың II халықаралық форумы және Корей анимациялық кино күні өтті, сондай-ақ жаңа киножобалардың тұсаукесері және танымал кинематографистердің шеберлік сыныптары болды.

Беделді қазылар алқасы кино көруді қорытындылап, бірнеше номинация бойынша әр байқаудың жеңімпаздарын анықтады.

BAIQONYR жеңімпаздары

Үлттық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:

«Үздік фильм» – «Сабыр» реж. Марина Зиберт, Дамир Танатов, продюсер Айгерим Сатыбалды.

«Үздік режиссура» – Ілияс Антар Ахмет «Клубничная принцесса»

«Үздік операторлық жұмыс» – Мағжан Адильшинов «Бей, беги, замри»

«Үздік сценарий» – Дендер Думан «Сары – өмір»

«Үздік әйел рөлі» – Камила Мусанова «Эпилог»

«Үздік ер адам рөлі» –  Салих Сейсенбай «Сабыр»

«Үздік көркем-суретші» – Адиль Абабахриев «Кассета»

«Үздік монтаж» – Ерасыл Байболов «С днем независимости»

«Үздік дыбыс» – Илья Гариев «Сары – өмір»

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Беги, Адема, беги»

Халықаралық көркем және деректі қысқаметражды фильмдер байқауы:

«Үздік фильм» – «Әй, Гюнеш!» (Грузия)

«Үздік режиссура» – Дастан Мадальбеков «Сын отца своего» (Қырғызстан)

«Үздік операторлық жұмыс» – Айгуль Нурбулатова «Маленькая любовь» (Қазақстан)

«Үздік сценарий» – Лусине Папоян «Уравнение с двумя переменными» (Армения)

«Үздік әйел рөлі» – Лия Латыпова «Дети Йети» (Татарстан, Ресей)

«Үздік ер адам рөлі» – Юрий Борисов «Прости меня, Аня» (Ресей)

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Беглец» (Грузия)

Сонымен қатар киносыншылар қырғызстандық Никита Ловецкийдің «Галина Петровна» атты фильмін «Үздік фильм» деп таныды.

ALMATY ANIMATION FESTIVAL жеңімпаздары

Негізгі конкурс:

«Үздік анимациялық фильм» – «Белый-белый день» (Ресей, Франция, Канада), реж. Василий Чирков.

«Үздік көрнекі шешім» – «Hadis» (Әзірбайжан), реж. Назрин Агамалиева.

«Үздік экспериментальды анимациялық фильм» – «Ашмётки» (Ресей), реж. Алиса Шадрина.

«Үздік дыбыс» – «Уважаемые пассажиры» (Ресей), реж. Макс Куликов

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Кстати, о птичках» (Ресей), реж. Алла Вартанян және «Метаморфозы» (Қазақстан), реж. Айтолкын Əлменова.

Қазақ ұлттық стилін анимацияда насихаттауға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – «Kandai rakat sabiler zhulamagan!» (Қазақстан), реж. Маржан Жұбаныш

Халықаралық студенттік аимациялық фильмдер конкурсы:

«Үздік студенттік анимациялық фильм» – «Одинока ли Луна» (Қытай, Ресей), реж. Мария Лукина.

«Анимациядағы жаңашылдық» – «Рояль в кустах» (Ресей, Эстония), реж. Дашка Дементьева.

«Үздік көрнекі шешім» – «Манки Битс» (Ресей), реж. Маша Семина

«Үздік кейіпкерлер анимациясы» – «Про кошку, которая стеснялась носить очки» (Қазақстан), реж. Анна Ким.

«Үздік музыка» – «Отражение» (Қазақстан), реж. Улбосын Пирмаханова.

«Үздік экспериментальды анимациялық фильм» – «Я боюсь, что у моего будущего ребенка будет аутизм» (Қазақстан), реж. Даяна Чернышева.

Фестивальдің Қазақстанның анимациялық индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін арнайы сыйлығы – Tasqyn studio.

Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорының қолдауымен өтеді.

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: «Хабар» агенттігі, «Алматы» телеканалы, «Эльдорадио» және «Жулдыз» радиостанциялары, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Антенна Казахстан», «Время» басылымдары, Orda.kz, Baribar.kz, 365info, Global.news.kz, BAQ.kz, QAZ365.kz, PRO Production интернет-порталдары және JAS ÓNER журналы.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін