Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қазақстандық Диана Ашимова NETPAC директорлар кеңесінің жаңа құрамына енді

Қазақстандық Диана Ашимова NETPAC директорлар кеңесінің жаңа құрамына енді

Қазақстандық Диана Ашимова NETPAC директорлар кеңесінің жаңа құрамына енді

Азия-Тынық мұхиты аймағы киносын ілгерілету желісі – NETPAC (Network for the Promotion of Asia Pacific Cinema) директорлар кеңесінің жаңа құрамын жариялады. Оның қатарына Қазақстан өкілі, продюсер әрі фестиваль бағдарламаларын жасаушы Диана Ашимова да енді.

NETPAC президенті болып Мартин Теруан сайланды. Ұйымның жаңа басшылық құрамына Раман Чавла, Закир Хоссейн Раджу, Максин Уильямсон, Мэт Кестинг, Диана Ашимова, Рашми Дорайсвами, Фатеме Мотамед-Арья және Ван Яо кірді. Жаңа құрам алдағы төрт жыл бойы жұмыс істейді.

Диана Ашимова – қазақстандық продюсер, фестиваль бағдарламаларын жасаушы және арт-директор. Ол көптеген жыл бойы халықаралық кинофестивальдермен жұмыс істеп, түрлі кәсіби қазылар алқасының құрамына енген. NETPAC аясында Ашимова Роттердам, Пусан және Везуль кинофестивальдерінде қазылар алқасына төрағалық еткен, сондай-ақ Варшава мен Торонтода NETPAC қазылар алқасының мүшесі болған.

Baiqonyr Film Festival командасы Диана Ашимованы NETPAC директорлар кеңесінің құрамына сайлануымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тілейді.

Baiqonyr Film Festival 2025 жылдан бері NETPAC аккредитациясына ие. X фестиваль аясында Алматыда алғаш рет халықаралық NETPAC қазылар алқасы жұмыс істеп, ұйымның арнайы жүлдесін табыстады. 2026 жылы NETPAC қазылар алқасы XI Baiqonyr Film Festival аясында да жұмысын жалғастырады.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін