Жаңалықтар

Жаңалықтар

Film Critics Lab ТМД елдері кинотанушылары мен кино сыншыларының V Алматы форумы аясында өтеді

Film Critics Lab ТМД елдері кинотанушылары мен кино сыншыларының V Алматы форумы аясында өтеді

Film Critics Lab ТМД елдері кинотанушылары мен кино сыншыларының V Алматы форумы аясында өтеді

19–25 қыркүйек аралығында Алматыда ТМД елдері кинотанушылары мен кино сыншыларының V Алматы форумы өтеді. Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі — жас кинотанушылар мен кино сыншыларына арналған Film Critics Lab кәсіби зертханасы.

Форум ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өтеді.

Film Critics Lab жас мамандардың зерттеу және талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Қатысушылар кино сынының заманауи әдістерімен, академиялық және сыни мәтін жазу тәсілдерімен жұмыс істеп, қазіргі кинематографтағы өзекті үдерістерді талқылайды.

Зертхана жас авторларға киноға кәсіби көзқарасын қалыптастырып, оны талдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Киноматериалмен жұмыс істеуге, сонымен қатар бақылау мен идеяны дәйекті сыни немесе зерттеу мәтініне айналдыруға ерекше назар аударылады.

Film Critics Lab-тың негізгі міндеттерінің бірі — кино сыны мен кино зерттеулері саласындағы жаңа буын мамандарын қолдау. Зертхана Форумның басты бағыттарының бірін жалғастырып, жас авторлардың зерттеу және сыни ойлау дағдыларын дамытуына әрі кино туралы кәсіби пікірталасқа араласуына мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды көздейді.

Film Critics Lab 2026 жылғы 19–25 қыркүйек аралығында Алматыда өтетін ТМД елдері кинотанушылары мен кино сыншыларының V Алматы форумы аясында ұйымдастырылады.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін