Жаңалықтар

Жаңалықтар

Деректі фильм панельдік сессия: «Ақиқатпен жүрген әйелдер, жадымен сөйлетін фильмдер»

Деректі фильм панельдік сессия: «Ақиқатпен жүрген әйелдер, жадымен сөйлетін фильмдер»

Деректі фильм панельдік сессия: «Ақиқатпен жүрген әйелдер, жадымен сөйлетін фильмдер»

Қазіргі заманғы деректі кино - бұл тек шынайылықты тіркеу құралы ғана емес, қоғаммен ашық диалог орнатудың қуатты тетігі. Ол тарихтың жасырын тұстарын көрсетіп, маңызды оқиғалар мен адамдар туралы жадыны сақтауға көмектеседі, сонымен қатар көп жағдайда айтылмайтын мәселелерді қозғауға мүмкіндік береді.

Дәл осы тақырыптарға «Ақиқатпен жүрген әйелдер, жадымен сөйлетін фильмдер» атты панельдік пікірталас арналмақ. Ол «Baiqonyr» фестивалі аясында өтеді. Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД қатысушы мемлекеттерінің Гуманитарлық ынтымақтастықтың мемлекетаралық қорының қолдауымен ұйымдастырылады.

Кездесуде кино тілі арқылы ақиқатты іздеу мен жеткізу, деректі фильм режиссерінің рөлі, сондай-ақ әйел-авторлардың деректі кино құрылымы мен қабылдауына қалай ықпал етіп жатқандығы талқыланады.

Сессия спикерлері:

Жазгуль Ибраимова - кинокритик (Қырғызстан)

Айгюн Асланова - киновед (Әзербайжан)

Катерина Суворова - режиссер (Қазақстан)

Фариза Танай - режиссер (Қазақстан)

Бану Рамазанова - продюсер, кинорежиссер (Қазақстан)

Айдос Сейтжан - деректі кино зерттеушісі, «QazDOC» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (Қазақстан)

Модератор - киновед Молдияр Ергебеков

Бұл кездесу фестиваль бағдарламасының ең терең әрі өзекті бөліктерінің бірі болмақ, қоғам алдындағы киноның жады, ақиқат және жауапкершілік тақырыптарында ашық әңгіме алаңын ұсынады.

 

Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады
Жаңалықтарды Instagram парақшамыздан қадағалаңыз: baiqonyrfilmfestival

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін