Baiqonyr Pitching байқауы кейінге шегерілді
Baiqonyr Pitching байқауы кейінге шегерілді

Биыл Baiqonyr Film Festival аясында Baiqonyr Pitching индустриялық байқауын өткізу жоспарланған еді. Байқау қысқаметражды ойын киносының жас авторларына сценарийлік жобаларын киноиндустрия мамандарына таныстырып, оларды әрі қарай өндіріске шығаруға қолдау алуға мүмкіндік береді.
Бастаманы бірқатар кинокомпания қолдап, қатысушыларға қажетті ресурстар ұсынуға және перспективалы жобалардың сценарийден өндіріске дейінгі жолына қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді. Алайда Baiqonyr Pitching байқауына түскен өтінімдер саны толыққанды конкурс өткізуге жеткіліксіз болды.
Осыған байланысты ұйымдастырушылар Baiqonyr Pitching байқауын 2026 жылы өткізбеу туралы шешім қабылдады. Фестиваль командасы байқауды дамыту, серіктестер қатарын кеңейту және жас авторларды тарту бағытындағы жұмысын жалғастырады.
Baiqonyr Film Festival Baiqonyr Pitching бастамасын қолдап, жас авторлардың жобаларын жүзеге асыруға қажетті ресурстар ұсынуға дайын болған индустриялық серіктестерге алғыс білдіреді: CINERENTAL, RAKURS RENT, Cinema Light, Qial Cinema, ALASH RENT, RENTA FILM және CNS Rental.
Индустриялық серіктестердің қолдауы Baiqonyr Pitching үшін маңызды. Фестиваль алдағы уақытта да байқауды дамытып, жас авторлардың жобаларына өндіріске өту үшін нақты қолдау алуға мүмкіндік беретін жағдай жасау жұмысын жалғастырады.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін