Baiqonyr ұлттық қысқаметражды фильмдер байқауының бағдарламасын жариялады
Baiqonyr ұлттық қысқаметражды фильмдер байқауының бағдарламасын жариялады

Baiqonyr халықаралық кинофестивалі ұлттық қысқаметражды фильмдер байқауының бағдарламасына енген туындыларды таныстырды.
Биыл ұлттық байқауға ойын жанрындағы 180 қысқаметражды фильм ұсынылды. Іріктеу нәтижесінде 16 туынды конкурс бағдарламасына енді.
Ұлттық қысқаметражды фильмдер байқауына қатысушылар тізімі:
Tamyr — Тимур Хошанов
Mom is on the Way — Амина Өмірзақ
Summer That Was Bright — Әмір Кәкен
Spark — Алдияр Узиятов
Qulpynai — Әмір Сәлімжан
Ice — Амина Бектенова
Aues — Әсемай Қонысбек
The Eye Taker — Наталия-Раминта Бараускайте
The Fruits of Labor — Адель Омар
Er Bolady — Мадияр Мұрат
Diary — Нұрсат Қыдырбай
The Horseman — Шыңғысхан Ермахан
Журнал — Азамат Утянов
Uide — Альмира Сәлімова
299.4 — Әмірхан Бақтыгерей
Мамыр — Махамбет Мырза
Фестивальдің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабековтің айтуынша, биылғы ұлттық байқау түрлі жанрлар мен авторлық көзқарастарды біріктіреді.
«Ұлттық байқау бағдарламасына жеңіл әрі жарқын оқиғалардан бастап, терең драмалық ой-толғамдарға дейінгі түрлі жанрдағы ойын фильмдері енді. Көптеген режиссердың балалар тақырыбына назар аударғаны ерекше қуантады. Бұл туындылар шынайылықтың, мейірімділіктің және өмірдегі алғашқы қадамдардың маңызын еске салады», – деді Ержан Жұмабеков.
Фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізіледі.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін