Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baiqonyr ISFF: Халықаралық байқаудың қатысушылары анықталды

Baiqonyr ISFF: Халықаралық байқаудың қатысушылары анықталды

Baiqonyr ISFF: Халықаралық байқаудың қатысушылары анықталды

 

Baiqonyr International Short Film Festival-дің іріктеу комиссиясы халықаралық байқаудың қатысушыларын анықтады. ТМД елдері қатысушыларына өтінімдерді қабылдау 1 тамызда аяқталды. 

Халықаралық байқауға 80 өтінім келіп түсті. Іріктеуді кинотанушылар - Ержан Жұмабеков, Бекжан Байгенжеев және режиссер Олжас Исаев жүргізді.  

Сонымен, кинофестивальде келесі фильмдер жеңіс үшін күреседі: 

«Изгородь» - Кулунаков Михаил (Алтай Республикасы);

«Франка» - Митрий Семёнов-Алейников (Беларусь);

«Прощай» - Караш Жанышов (Қырғызстан);

The 6.45 Train – Гусейн Гасанов, Ибрахим Тагиев (Әзірбайжан);

«Моль» - Алексей Френкель (Ресей Федерациясы);

«51+» - Данияр Абиров (Қырғызстан);

«Меня зовут Петя» - Дарья Биневская (Ресей Федерациясы);

«Видеорегистратор» - Сара Кнар (Қазақстан);

«Падай» - Рудольф Хайнуров (Татарстан);

«Снег» - Арен Малакян (Армения);

Last dance - Аброр Самугжанов (Өзбекстан).

 «Менің атым Петя» фильмінен көрініс
«Менің атым Петя» фильмінен көрініс

«Халықаралық байқауға қатысуға өтінімдердің басым көпшілігі Ресейден келді. Ресей мен Қырғызстан фильмдерінің деңгейі қуантты. Сондықтан, осы елдерден байқауға екі фильмнен қабылданды», - деді, фестивальдің бағдарлама директоры Ержан Жұмабеков.

Ұлттық байқауға қатысуға өтінімдер қабылдау 15 тамызға дейін жалғасады. 

Baiqonyr ISFF 2019 жылдың 4-8 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры қолдауымен Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында өтеді.

Бас серіктес - Kinoplexx Theaters. Алтын серіктес - Visit Almaty және Алматы қаласының Туризм басқармасы. Пошта қызметі бойынша серіктес - Kazpost. Фестиваль ұйымдастырушысы - «Бродвей» кинопорталы. 

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін