Жаңалықтар

Жаңалықтар

Baiqonyr Film Festival халықаралық байқау бағдарламаларының қатысушыларын жариялады

Baiqonyr Film Festival халықаралық байқау бағдарламаларының қатысушыларын жариялады

Baiqonyr Film Festival халықаралық байқау бағдарламаларының қатысушыларын жариялады

XI Baiqonyr Film Festival халықаралық байқау бағдарламаларына іріктеу аяқталды. Биыл фестивальдің екі халықаралық байқауына 38 елден 511 фильм ұсынылды. Іріктеу нәтижесінде байқау бағдарламасына 17 туынды енді: төрт толықметражды дебюттік және он үш қысқаметражды фильм.

Халықаралық толықметражды дебюттік фильмдер байқауы

Толықметражды дебюттік фильмдер байқауы Baiqonyr Film Festival аясында тоғызыншы фестивальден бері өткізіліп келеді және фестивальдің ең жас байқау бағдарламаларының бірі саналады. Биыл бұл байқауға 45 фильм ұсынылып, олардың ішінен төрт туынды іріктелді.

Байқауға қатысушылар:

«Мерген» –  Чингиз Нарынов (Қырғызстан)

«Қыс сәулесі» (Winter Light) –  Чо Хён Со (Оңтүстік Корея)

«Күндізгі отшашулар» –  Нина Волова (Ресей)

«Победителей видно на старте»  –  Жаннат Алшанова (Қазақстан)

Халықаралық қысқаметражды көркемфильмдер байқауы

Халықаралық қысқаметражды көркемфильмдер байқауы дәстүрлі түрде фестивальдің негізгі бағдарламаларының бірі болып саналады. Биыл бұл байқауға 38 елден 466 өтінім келіп түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша конкурс бағдарламасына 13 фильм енді.

Байқауға қатысушылар:

Innocent – Токтобек Усонов (Қырғызстан)

“Қызыл туфлилер” (Красные туфли) – Алина Байтокова (Қырғызстан–Әзербайжан)

Early Feelings – Нурлан Хасанли (Әзербайжан)

Inherited Silence – Мәриям Хатчвани (Грузия)

Doorman – Лили Газарьян (Армения)

Cold Spring – Нодир Абдукаримов (Өзбекстан)

Happy as can be – Ирина Большова (Ресей)

Maut – Дмитрий Давыдов (Ресей)

It Sounds Louder on Rainy Days – Ким Сан Юн (Оңтүстік Корея)

Lukhtak – Самариддин Мухитдинов (Тәжікстан)

Tiger's Smile – Стелла Фахингер (Германия)

Umbral – Дарина Манапова (Португалия)

What have you done, Zarina? – Камила Сағынтхан (Қазақстан)

«Халықаралық байқау бағдарламасындағы әрбір фильм – адам мен әлем туралы өзіндік ой-толғам. Өз жұмыстарын фестивальге сеніп тапсырған барлық режиссерге алғыс айтамын. Бұл оқиғалар көрерменнің жүрегіне жол тауып, ұзақ уақыт есте қалады деп сенемін», – дейді фестивальдің бағдарламалық директоры Ержан Жұмабеков.

Еске сала кетейік, фестиваль дәстүрлі түрде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық қорының қолдауымен өткізіледі.

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін