Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Сібірдің этникалық киносы (Тува, Хакасия, Алтай, Бурятия, Якутия)» авторлық лекциясы

«Сібірдің этникалық киносы (Тува, Хакасия, Алтай, Бурятия, Якутия)» авторлық лекциясы

«Сібірдің этникалық киносы (Тува, Хакасия, Алтай, Бурятия, Якутия)» авторлық лекциясы

Әйгілі кинотанушы Сергей Анашкиннің 2025 жылдың 25 қыркүйегінде өтетін «Сібірдің этникалық киносы (Тува, Хакасия, Алтай, Бурятия, Якутия)» тақырыбындағы авторлық лекциясы BAIQONYR кинофестивалінің ең жарқын сәттерінің бірі болады деп айта аламыз.

Бұл лекция Ресей кинематографиясының көпшілік біле бермейтін тұстарын көрсетеді. Кейінгі жылдары жеке бір феномен ретінде айтылып жүрген бірегей ұлттық кино мектептерінің Якутияда ғана емес, Сібірдің басқа өңірлерінде де бар екенін Ресейдің өзінде сыншылардың бірен-сараны ғана біледі.

Қандай тақырыптарды талқылаймыз:

Этникалық кино - мәдени автопортрет. Ұлттық кинематографияның этностың ішкі дүниесін бейнелеу және оның бірегейлігін сақтаудың құралына айналуы;

Дамудың түрлі моделі: Якутияда жыл сайын ондаған фильм шығаратын «шағын индустрия» қалыптасқан, ал басқа республикаларда индустрияда көбіне қызметі билік тарапынан қолдау таба қоймайтын жеке дара энтузиастар жұмыс істейді;

Басты тенденциялар мен сын-қатерлер - қаржы көзі мен техникалық жағдайдан бастап, көрермен табу және халықаралық фестивальдарға шығуға дейін;

Жарқын есімдер мен мысалдар - этникалық киноның жаңа шегін көрсетіп, әлемнің мәдениет картасында Сібірдің заманауи бейнесін қалыптастырып жүрген ең-ең режиссерлерді таныстыру.

Мұның қандай маңызы бар?

Этникалық кино - жай ғана көркем ой-толғау емес. Бұл - халықтардың үні, олардың экран арқылы өзі туралы айтып, мәдениетін әлем киносы тарихында бекіту мүмкіндігі. Сергей Анашкиннің лекциясы арқылы осы процестің қалай жүріп жатқанын, Сібір кинематографиясындағы бай әрі сан алуан мәдени дәстүрдің түр әлпетін көре аламыз.

Кино, мәдениет пен өнер саласындағы заманауи зерттеулерге қызығатын әрқайсыңызды лекцияға келіп, этникалық киноматография әлеміне енуге шақырамыз.

 

Билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін