Almaty Series Festival тәуелсіз пилоттық эпизодтар ұлттық байқауының қатысушыларын жариялады
Almaty Series Festival тәуелсіз пилоттық эпизодтар ұлттық байқауының қатысушыларын жариялады

Фестиваль биыл да төл сериал түсіретін жас авторлар мен тәуелсіз продюсерлерді қолдауды жалғастырады. Ұлттық байқауға әртүрлі жанр, стиль мен баяндау тәсілін паш ететін пилоттық эпизодтар енді.
«Тәуелсіз пилоттық эпизодтар ұлттық байқауын ерекше мақтан тұтамыз. Биыл болашағынан зор үміт күттіретін алты автордың ерекше, бірегей әрі жарқын да қайталанбас үні бар алты жобасын іріктеп алдық. Фестиваліміздің арқасында стриминг платформалары оларға назар аударып, толыққанды сериалға дейін өсуіне көмектеседі деген сенімдеміз», – дейді фестивальдің бағдарлама директоры Әлем Дәулетқұлов.
Байқауға іріктелгендер:
– «Причуды солнечных лучей» (Ғажайып күн шуағында) – сценарий авторы және режиссері Диляра Шарафеева, продюсері Илья Дьяченко.
– «Рок Беркут» – сценарий авторы және режиссері Тамерлан Алманов, продюсері Дамир Абилханов.
– «ЗИМНИЙ СПЕЦВЫПУСК. Новогодняя рапсодия. Эпизод I» – сценарий авторы, продюсері және режиссері Алан Талькенов.
– «TUNBA: Левитан» – сценарий авторы, продюсері және режиссері Бейбарс Болат.
– «Молда» – сценарий авторы және режиссері Ернұр Абжапар, продюсерлері Улугбек Уракбаев и Амир Кайпиев.
– «Коба» – режиссері Даулет Ислямов, сценарий авторлары – Нұртілеу Амангелді, Мейрман Заркенов, Аскар Малшибеков, продюсері Нұртілеу Амангелді.
Almaty Series Festival 2025 жылдың 23-26 қыркүйегі аралығында Алматы қаласында халықаралық «Baiqonyr» дебюттік және қысқаметражды кино фестивалінің аясында өтетінін есіңізге саламыз.
Фестивальді Kazakh Festival Hub ұйымдастырып, халықаралық және жергілікті серіктестер қолдап отыр.



Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз
, пікір қалдыру үшін