Жаңалықтар

Жаңалықтар

БАҚ аккредитациясы

БАҚ аккредитациясы

БАҚ аккредитациясы

Baiqonyr Film Festival бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін 2025 жылдың 20-26 қыркүйек аралығында өтетін іс-шарадан ақпарат таратуға шақырады.

2025 жылдың қыркүйек айында Алматыда Орталық Азиядағы ең елеулі іс-шара болады: Халықаралық «Baiqonyr» дебюттік және қысқаметражды кино фестивалі 10 жыл мерейтойын атап өтеді. Бағдарлама бойынша байқау фильмдері көрсетіліп, дәстүрлі түрде ТМД елдерінің кинотанушылары мен киносыншыларының IV Алматы форумы өтеді, сондай-ақ жаңа жоба – Almaty Series Festival бастау алады.

Аккредитация алу ережесі:

Аккредитация ресми тіркелген БАҚ өкілдері мен кино және медиа саласында кәсіби түрде жұмыс істейтін блогерлерге ғана беріледі.

Аккредитация алуға өтінім 2025 жылдың 10 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Ұйымдастырушылар еш түсіндірместен аккредитация беруден бас тарта алады.

Өтінім қалдыру үшін поштаға жіберілуі керек ақпарат:

Аты-жөні, лауазым;

Басылымның/арнаның аты және түрі;

Байланыс нөмірі және e-mail;

Мақала немесе репортаж мысалдары (мүмкіндігінше).

Өтінімді қарау қорытындысы бойынша аккредитацияны растау және бейджді алу жөніндегі нұсқаулық көрсетілген электрондық пошта мекенжайына жіберіледі.

БАҚ-пен байланыс:

Almaty Series Festival қоғаммен байланыс бөлімі
E-mail: taishanovaaruzhan@gmail.com                                                     
Байланыс нөмірі: + 7 (775)-491-12-10                                                      
Тайшанова Аружан Талғатқызы

Пікір жоқ, бірінші болып жазыңыз

, пікір қалдыру үшін