Baikonyr Short Film Festival (әрі қарай - Фестиваль) жас кинематографшыларды қолдау және Қазақстан киноөндірісін дамыту мақсатында құрылған. 
Фестиваль ұйымдастырушылары - «Бродвей» кинопорталы. 
Мәдени шараның демеушісі – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры. 
Бас серіктес - Kinopark Theaters. 
Baikonyr SFF 2018 жылдың 20-23 қыркүйек аралығында Алматы мен Астана (Қазақстан) қалаларында өтеді. 
Фестиваль бағдарламасы байқау және байқаудан тыс бағдарламалардан тұрады.