3.3 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ВИДЕОСЫНЫҢ АРНАЙЫ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ
3.4 АРНАЙЫ ЖҮЛДЕЛЕР
4. КӨРСЕТІЛІМГЕ АРНАЛҒАН КӨШІРМЕ ФОРМАТЫ
5. ФЕСТИВАЛЬГЕ ШАҚЫРУ
6. ЗАҢГЕРЛІК СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
6.1 ТЕЛЕВИЗИЯ МЕН ИНТЕРНЕТТЕ ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫН КӨРСЕТУ
1. ФЕСТИВАЛЬДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
BAIQONYR International Short Film Festival (ары қарай – Фести-валь) – жылына бір рет өтетін халықаралық қысқаметрлі фильмдер фестивалі. Мақсаты – түркі халықтарының қысқаметрлі фильмдерін дамыту әрі насихаттау. Фестиваль 2020 жылы 2-6 қыркүйек аралығында Алматы қаласында өтеді.
Фестиваль 4 бағдарламадан тұрады:
• Негізгі байқау (халықаралық қысқаметрлі ойын және деректі киносы)
• Ұлттық байқау (ойын, деректі, анимациялық қысқаметрлі кино)
• Түркі халықтарының музыкалық видеосының арнайы байқауы (клипмейкерлер үшін)
• Шеберлік дәрістері, воркшоп және дөңгелек үстел
1.1. ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
Фестивальдің ұйымдастырушысы - «Turkic Film Found» халықаралық қоғамдық қоры
1.2. ФЕСТИВАЛЬДІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Негізгі байқаудың мақсаты:
• Түркі халықтарының қысқаметрлі киносын дамыту әрі насихаттау
• Түркі халықтарының киногерлері үшін диалогтық алаң қалыптастыру
• Түркі халықтарының музыкалық видеосының арнайы байқауын өткізу
Ұлттық конкурстың мақсаты:
• Қазақстан киногерлерінің кәсіби деңгейін көтеру платформасын құру
Фестивальдің міндеті:
• Түркі халықтарының талантты киногерлерін анықтау және алдағы уақытта қолдау көрсету
• Фестивальге қоғамның, БАҚ-тың және кәсіби кино мамандарының назарын аудару
• Фестиваль байқауларына қатысуға ең жоғары көлемде өтінімдер қабылдау
1.3 ФЕСТИВАЛЬДІҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
Халықаралық, ұлттық байқауының және арнайы музыкалық видео байқауларының қазылар алқасын Фестиваль Ұйымдастырушылары анықтайды.
Халықаралық, ұлттық байқауының және арнайы музыкалық видео байқауларының қазылар алқасына мәдениет және өнер қайраткерлері, киносыншылар, режиссерлер, актерлар, продюсерлер мен әлем және Қазақстан киноөндірісі өкілдері енеді.
Фестивальді Ұйымдастырушылар қазылар алқасының барып-келу жол шығынын, виза шақыртулары мен консулдық алымдарды өз мойнына алады.
2. ФЕСТИВАЛЬ БАҒДАРЛАМАСЫ
• Негізгі байқауға түркі халықтары продюсерлері мен режиссерлері түсірген 2019-2020 жылғы ұзақтығы 30 минутқа дейін қысқаметрлі фильмдер ұсынылады. Фильмдер кинотеатрларда көрсетуге болатын техникалық шарттарға сай болу керек.
• Ұлттық байқауға қазақстандық продюсерлер мен режиссерлер түсірген 2019-2020 жылғы ұзақтығы 30 минуттан аспайтын қысқаметрлі ойын, деректі, анимациялық фильмдер ұсынылады. Фильмдер кинотеатрларда көрсетуге болатын техникалық шарттарға сай болу керек.
• Түркі халықтарының музыкалық видеосы арнайы байқауына түркі халықтарының продюсерлері мен режиссерлері түсірген 2019-2020 жылғы, кинотеатрларда көрсетуге болатын техникалық шарттарға сай музыкалық видео ұсынылады.
2.1 БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕР БЕРУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ
Фестиваль бағдарламасы Өтініштерді қабылдау күні Өтініштерді қабылдаудың аяқталуы Фестиваль сайтында хабарландыру күні
Негізгі байқау 2020 жылдың
16 сәуір 2020 жылдың
1 шілдесі 5 тамыз
Ұлттық байқау 2020 жылдың
16 сәуір 2020 жылдың
1 тамызы 5 тамыз
Музыкалық видео арнайы байқауы 2020 жылдың
16 сәуір 2020 жылдың
1 тамызы 5 тамыз
Көрсетілген мерзімнен кеш жолданған өтініштер іріктеу комиссиясына жіберілмейді. Өтініш беруге ақы талап етілмейді.
2.2 ІРІКТЕУГЕ ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Фестивальге қатысу үшін Фестивальдің ресми сайтына кіріп, электрондық формада өтініш толтыру керек.
Іріктелген фильмдердің бүкіл материалдары қатысушы тізімдері анықталғаннан соң фестивальдің кеңсесіне 2020 жылдың ? 20 тамызына дейін жолдануы керек.
IV Baiqonyr SFF фестиваліне өтініш берілген немесе қатысқан жұмыстар Фестивальге қатысуға жіберілмейді.
Қатысуға өтініш берілген фильмдер әлеуметтік желілерде немесе стримингтік сервистерде жарияланбауы керек.
Музыкалық композициялардың авторлық құқығы толық сақталуы қажет.
Фильм іріктелген жағдайда фильмнің ағылшын тіліндегі субтитрлары берілуі керек. Ұлттық байқауға жолдама алған фильмдерді ағылшын тіліне аударуға және субтитрлерді құрастыруға Фестивальдің серіктестігі «KAN-TAI Enterprise» көмектеседі.
Іріктелген жұмыстардың продюсерлері мен авторларына ертерек электрондық почта арқылы хабардар етіледі. Байқауға іріктелген фильмдерді көрсетуге Фестиваль лицензиялық алымдарды төлемейді. Іріктеу комиссияның шешімі түбегейлі және пікір білдірілмейді, талқыланбайды.
3. ФЕСТИВАЛЬ ЖҮЛДЕЛЕРІ
Әрбір аталым бойынша бір ғана фильм жеңіске жетеді. Әрбір қатысушы 2 аталымнан артық жеңімпаз бола алмайды.
3.1 НЕГІЗГІ БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ
Халықаралық байқаудың қорытындысына сай қазылар алқасы мынадай аталымдар бойынша жүлделерді және ақшалай сыйлықтарды табыс етеді:
• Бас жүлде (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
• Үздік режиссура (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
• Үздік операторлық жұмыс (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
• Үздік сценарий (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
• Үздік әйел рөлі (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
• Үздік ер адам рөлі (мүсінше, жүлдегер дипломы және 2000 АҚШ доллары)
3.2 ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕЛЕРІ
Ұлттық байқаудың қорытындысына сай қазылар алқасы мынадай аталымдар бойынша жүлделерді және ақшалай сыйлықтарды табыс етеді:
• Үздік фильм (мүсінше, жүлдегер дипломы және 3000 АҚШ доллары)
• Үздік деректі фильм үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік анимациялық фильм үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Ойын фильмі үздік режиссурасы үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Ойын фильмі үздік операторлық жұмыс үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Ойын фильмі үздік сценарий үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік әйел рөлі үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік ер адам рөлі үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік қоюшы-суретші жұмысы үшін (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік монтаж (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
• Үздік дыбыс (мүсінше, жүлдегер дипломы және 1000 АҚШ доллары)
3.3 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ВИДЕОСЫ АРНАЙЫ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖҮЛДЕЛЕРІ
Арнайы байқаудың қорытындысына сай қазылар алқасы мынадай аталымдар бойынша жүлделерді табыс етеді:
• Үздік музыкалық видео
Бас категорияда – Үздік музыкалық видеоклип.
• Музыкалық видеоклипте үздік режиссер
Режиссердің шығармашылық жұмысы көрсетілген музыкалық видеоклип. Режиссер марапатталады.
• Музыкалық видеоклипте үздік оператор
• Музыкалық видеоклиптегі үздік сценарий
Музыкалық видеоклипте оқиға желісінің бірегейлігіне мән беріледі, видеоклип сценарисі марапатталады.
• Музыкалық видеода үздік суретші жұмысы
Музыкалық видеоклипте стильге, костюмге, гримге және жалпы композицияға мән беріледі; видеоклиптің дизайнері немесе қоюшы суретші марапатталады.
• Музыкалық видеода үздік визуалдық эффектілер
Жоғары сапалы техникалық жабдықталған музыкалық видеоға беріледі. Ерекше трюктер, реалды көрсетілімдер немесе шынайылыққа ұқсайтын CGI графикасымен жасалған видеолар. Визуалдық эффектілер суретшісі марапатталады.
• Музыкалық видеоклипте үздік монтаж
Жоғары сапалы редакторлау, монтаж, стилистика және визуалдық сапалы музыкалық видеоклиптерге беріледі. Видеоклип монтажының режиссері марапатталады.
3.4 АРНАЙЫ ЖҮЛДЕЛЕР
Негізгі аталымдардан бөлек екі позиция бар:
• Қазылар алқасының арнайы жүлдесі
• Фестиваль демеушілері мен серіктестерінің арнайы жүлдесі
• Фестиваль Ұйымдастырушыларының арнайы жүлдесі
Арнайы жүлделер – бұл қазылар алқасының, демеушілері мен серіктестерінің, және ұйымдастырушылардың тұрақты емес марапаты.
Жүлде қазылар алқасының қалауы бойынша түрлі формада ұсынылады, мысалы: «Үздік актерлық ансамбль», «Ерлігі, батылдығы үшін» және т.б.
• Blu-ray дискілер (мәзірсіз және аймақтық шектеусіз)
Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар:
• кодек H.264 (қолайлы)
• контейнер — MP4, MPEG
• 1920х1080-ден төмен емес видео тұнықтығы
• дыбыс жиілігі 24 kHz-тен жоғары
• видеороликтердегі дыбыс компрессиясы: MP3, WAV, AAC.
Толық техникалық талаптар қатысушыларға жеке жіберіледі.
Әрбір жұмыста жоба қатысушыларының толық аты-жөні титр үлгісінде және жарияланым уақыты көрсетілуі керек.
5. ФЕСТИВАЛЬГЕ ШАҚЫРУ
Бағдарламаға енген фильм қатысушылары Фестивальге арнайы шақыртылады. Егер қандай да бір себептерге байланысты режиссер Фестивальге келе алмаса, ол өзінің орнына (Фестиваль ұйымдастырушыларымен келісе отырып) фильмнің түсірілім тобындағы адамды жібере алады.
Байқау фильмдері өкілдерін шақыру үшін Фестиваль тегін виза алуды және қонақүйде 4 түн тұруды өз мойнына алады. Сонымен қатар, Фестиваль Ұйымдастырушылары барып-келу жолақысын да өз есебінен жүргізеді.
Құрметті қонақтарды, байқаудан тыс қатысушыларды шақыруды, түрлі бағдарламалар мен шеберлік дәрістерді өткізуді, БАҚ өкілдері мен түрлі мәдени ұйым өкілдерін шақыруды Фестиваль өзі шешеді. Қонақүйде тұру ақысы мен жолақысы әрбір қатысушымен жеке уағдаласады.
6. ЗАҢГЕРЛІК СҰРАҚТАР ЖӘНЕ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК
Фестивальге қатысуға электрондық түрде өтініш білдіре отырып, сіз фильмнің толық құқық иесі немесе құқық иесінің өкілі екенін растайсыз. Және жоғарыдағы Регламент пунктерінің бәрімен келісесіз.
Фестивальге Регламентке сәйкес қолданылған контентке байланысты үшінші жақтан қандай да бір кінарат-талап түсіп жатса, қатысушы өзінің күшімен және өз қаржысына даулы мәселені шешуді өз мойына алады.
6.1 ТЕЛЕВИЗИЯ МЕН ИНТЕРНЕТТЕ ФЕСТИВАЛЬ АЯСЫН КӨРСЕТУ
Фестиваль телевизия мен Интернетте іс-шараны насихаттау мақсатында байқау фильмдерінің үзінділерін пайдалана алады (фильмнің 10 % үзіндісін, 3 минуттан аспау керек)
Фестиваль іріктелген фильмдердің көрсету құқын фестиваль аясында төрт рет қолдана алады:
• Фестивалді өткізу мақсатында фильмді пайдалану;
• Фестивальді өткізу мақсатында фильмді тарату;
• Фестивальді өткізу мақсатында фильмді жалпы бұқараға көрсету;
• Фестивальді өткізу мақсатында БАҚ-тағы және Интернеттегі жарияланымдар үшін 3 минуттық фильм үзінділерін, слайдтар мен кадрлерді, фильм трейлерін пайдалану.