Әке ән айтып берейік пе?<

Әке ән айтып берейік пе?

короткометражное кино, 2021

  • Автор

    Айдана Бауыржанқызы

  • Оператор

    Есенбек Мнейхан

  • Режиссер

    Айдана Бауыржанқызы

  • Сценарист

    Айдана Бауыржанқызы

  • Автор

    Айдана Бауыржанқызы

  • Продюсер

    Айдана Бауыржанқызы

  • Звукорежиссер

    Қазбек Есмұрзаев

  • Жанр

    короткометражное кино

  • Продолжительность

    20

Басты кейіпкер Бамбо ойын баласы. Бамбоның анасы әкесінің кезекті соққысынан кейін тексерілуге қалаға кетеді. Анасы қыздарына қаладан жұмыс қарастырып, тапқан жағдайда әкесіне айтпай қалаға көшіп кететінін айтады. Түнде қызу келген әкесі қыздарына ән айтқыздырып, біраз мазаларын алады. Бамбо ұйқысынан оянғанда әпкелері – Балғын мен Жамбо мектепте, ал әкесі досымен арақ ішіп кеткендіктен, бірден ойынға кетеді. Түскі астың уақыты келгенде достары үйлеріне тарайды, ал Бамбо үйіне барғанда анасының жоқтығы қатты сезіледі. Таңнан бері нәр татпаған Бамбо әжесінің үйіне қарай бет алады, бірақ әжесінің есігі құлыптаулы болады. Содан, Бамбо үйіне қайтады. Әкесі есікті іліп алып, ұйықтап қалғандықтан Бамбо үйіне де кіре алмайды. Бірақ әкесі оянып өз-өзіне келгенде, пеш жағып, үйді жылытып, ыдыстың түбінде қалған ұннан бауырсақ пісіреді. Кішкентай болса да, бұл әрекет Бамбоның жүрегіндегі әкесіне деген махаббаты оятқандай болады...

Нет комментариев, оставьте первый

, чтобы оставить комментарий