Сынықшы (детектив-комедия)<

Сынықшы (детектив-комедия)

короткометражное кино,

Сынықшы Автор: Нұрмахан Телжан Синопсис 1989 жыл. Қазақстанның оңтістүк өңірлерінде мал шаруашылығымен күн көретін малшылар совхоздары бар. Сондай бір ауылда ата-бабасынан жұққан қасиеті бар сынықшы өмір сүріп жатады. Сол ауылда мал ұрлығы жиілеп кетеді. Кінәліні анықтау үшін ауыл участковыйы барлық малшылардың қорасын тінтіп іздеу салады. Күмәнділер қатарына сынықшыны да қосады. Адал арына күмәнданә қарағаны үшін, сынықшы іздестіріп жүрген участковымен сөзге келіп қалады. Көп ұзамай кінәлі табылады. Ол сынықшының екінші дүние жүзілік соғыста бірге соғысқан, кішкентайдан бірге өскен досы еді. Сынықшы оған араша түспек болғанмен дәлелдер табылған соң қолынан ештеңе келмейді. Бірақ, қылмыскердің кінәсәз екеніне сенетін тек сынықшы екенін білген досы, ройон орталығына әкетіліп бара жатқанда, баласына бас көз болуын, және соғыстағы фашистер айтатын құпия сөзді айқайлап айтып кетеді. Бұл сөз досының кінәсіз жала жабылып кетіп бара жатқандығына сынықшының көзін жеткізеді. Сынықшы оның адалдығын айтып кешірім беруін өтінеді. Алайда барлығы бұл жағдайға әрекетсіз бей жай қарайды. Осыдан соң сынықшы және баласы Дулат пен жала жабылған досының баласы Ақжол үшеуі құрылған шағын, көңілді детективті топ бұл істегі шын кінәлілерді табуға бел байлайды.

Нет комментариев, оставьте первый

, чтобы оставить комментарий