Республикалық «Байқоңыр» қысқаметражды кинофестивалі – Қазақстанда көшірмесі жоқ ерекше мәдени іс-шара. «Байқоңыр» - бұл еліміздегі жас кинематографтардың жұмысымен танысу. Шара фестиваль қатысушыларының шығармашылық «шарықтауына» арналған негізгі алаңқай болуға және Қазақстан киносында жаңа есімдерді ашуға бағытталған. Фестивальдің міндеті – қысқаметражды жаңа киноларды қазақстандықтар арасында кеңінен таныту.